М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Svetiksmail5454
Svetiksmail5454
09.03.2022 15:51 •  Қазақ тiлi

"Киіміне қарап қарсы алады,ақылыны қарап шығарып салады" 1) Пікір
2) Дәлел
3) Мысал
4)Қарытынды ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Настя456456
Настя456456
09.03.2022
Әйелдің ең бірінші парызы – ине мен жіптің парқын білу, яки тігіншілік өнерін терең меңгеру. Ал, екінші парызының не екені әлі күнге құпия» деген екен ағылшын жазушысы Оскар Уайльд.Тігіншілік секілді тоқу да – қазақ халқының ежелден келе жатқан қадірменді өнері. Қолмен тоқыма тоқу өте кеңінен таралған, оның мыңдаған жылдық тарихы бар. Заман алға жылжығанымен, бұл өнер түрі әлі ескірген жоқ. Керісінше, жыл өткен сайын адамдардың тоқыма бұйымдарына деген қызығушылықтары арта түсуде.Қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Сондықтан да оқушыларды ата-баба мұрасын терең танып, білу арқылы қазақтың ежелден келе жатқан тоқу өнеріне баулу бағытында мектебімізде көптеген игі істер атқарылуда. Алқалы топ сарабына салынып, «Мың бала» жобасы құрылды. Осы жобаны пайдаланып, ата-бабамыздың ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуда «Шебер қолдар» үйірмесін құрып, шығармашылық жұмыстар атқарып жатырмыз.Өнерліге – өріс кең екенін ескере отырып, оқушылар арасынан қолөнерге деген икемі бар қыздар іріктеліп алынды. Соның ішінде Мәдина Жолымбетова, Гүлжан Төртбаева, Балжан Ниязбек, Арайлым Құлбекова, Аружан Саттарова сынды қыздарымызды атап өтуге болады. Әсіресе, тоқыма тоқуда алдына жан салмайтын, тоқудың көптеген түрлерін жете меңгерген, ұшқыр ойлы, адамның және табиғаттың сырын жүрегімен түсініп, сезінетін шәкіртім Зарина Серіктің есімін мақтанышпен айта аламын.«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, олардың өнерлі де шебер болып өсулеріне ұйытқы болып, білім мен өнерді қатар ұштастырып келеміз. Себебі, өз ұлтын, туған жерін, салт-дәстүрін, тілін, дінін, мәдениетін жақсы білетін оқушы ғана ұлттық өнер мен білімді ұштастыра алады.
4,6(96 оценок)
Ответ:
vika22888535
vika22888535
09.03.2022
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». 
4,4(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ