3. Мәтіндегі бос орындарды қажетті сөзбен сөйлемді толықтырыңыз . мен Еуразиядағы қарым - қатынастың дамуына монғол үстемдігі ықпалын тигізді . Аз уақыттың ішінде монғол империясы Тынық мұхиттан ( 1)дейінгі аумақты алып жатты , елшілер аркылы ( 2 ) Монғол билеушілері арасында келіссөздер жүргізілді . Бату әскерінің Еуропаға жорық жасау қауіпі төнген кезде , Рим папасы IV Инокентий талияндық ( 3) бастаған елшілікті Монғол империясына жібереді . Француз королі IX Людовигтің тапсыруымен 1253-1255 жылдары монғол империясына саяхатшы ретінде фламандық монах ( 4) жіберіледі . Ол Қарақорымдағы Ұлы хан Меңкемен кездеседі . Еуропалықтардың ( 5 ) империясымен дипломатиялық одақ жасағысы келген мақсаты орындалмады . Монғол империясы шетелдік саяхатшылардың Еуропаға белгісіз азиялықтар жайында мәліметтер әкелуіне жағдай жасады.Монғолдар көшпелі тайпаларды (6 ) арқылы біріктірді .
іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...