Біз демалыста жайлауға яғни атам мен апамның үйіне бардық. Атам маған атта шабуды үйретті. Бірақ інім атқа мінбей қойды. Себебі інім қорқып тұрған еді. Бара - бара інімде үйреніп кетті. Мен жазды қызық өткіздім.
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін
Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі ң таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. міне, сондықтан да ң табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз. тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түсіп, суға құмары қанған сиырдай қаныққан сайын оның құпиялылығы толассыз ілгері жылжи береді. онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі. заңғарлы зерттеудің нәтижесінде тайпалық қоғамнан қазіргі ақпараттық қоғам дәрежесіне жете білді. дәлірек айтсақ, бүгінгінің 4-5 жасар бөпесін бұрынғының 40-50 жасар әкесімен ойлау, іс-қимыл қабілеті бойынша өзара салыстыруға келмейді. ғалымдардың пайымдауынша, екеуінің арасы жер мен көктей, яғни қазіргінің бөпесі жан-жақты қабілетті көрінеді. қазіргі қоғамның озығы мен тозығы табиғатқа қарап үйренудің нәтижесінде отырды, миының пісіп-жетіліп озығының басым болуына ықтимал болды. дүниеге зуылдайтын заманауи зымырандар, адуынды автомобильдер, ұшарда ұршық иіретіндей тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, ақыр аяғында роботтар келді.ғылымда озық техниканың жетістігі ретінде айтылғанымен, оның барлығы ой тұрғысынан алғанда құпияға бай табиғаттан үйренудегі ң жетістігі екендігі хақ. мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жук машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты ққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасағандығы тайға таңба басқандай. жер жүзіндегі жеті кереметке вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан сәнденушілік (мода), суретшілік, сәулетшілік(архитектура), шеберлік(мастер), күйшілік секілді т.с.с. қастерлі қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз.