Мәтіннен етістіктерді табыңдар, оларға сұрақ қойыңдар. А тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың ең соңғы бетінен: «мен бұл кітапты жүз мәртте оқып шықтым» декген жазуды көрді. Сөйтсе, мұны жазған Әбунасыр әл-Фараби екен.
Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәртте оқып қоя салмаған. Мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп кітапта айтылған жағдайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа түсініктердің есігін ашып отырған. Сол есігі арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.
(«Жыл он екі ай» кітабынан.)
1.Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениеті өзгеше.
2.Пектораль - скиф заманындағы өте нәзік соғылған алқа.
3.Ол бұйымдардың жасалу технологиясы күшті.
4.Алтын адам киімінің әлемде теңдесі жоқ.
5.Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан алтын құмыра табылды.
1.Алтыннан, қымбат металдан түйін түйген.
2.Нақышты, әшекей бейнелер-ғажайып өнер туындысы.
3.Зергерлік бұйымдардың саны 4000-нан асады.
4.Әзірге құпия күйінде қалып отыр.
5.Адамзат тарихындағы ғарыштық ой жүйесін бейнелейді.
Сын есімдер: күшті, өте нәзік,алтын,өзгеше, әлемде теңдесі жоқ, қымбат,нақышты, ғажайып,құпия ( қандай?)