Мәтіндерді оқып, кестені толтырыңыз. 1-мәтін «Бәйтерек» монументі - елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей бұл «терек» әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. 2-мәтін. - Асан, Астанамыздың төрінде тұрған «Бәйтерек» туралы сен не білесің? - Ажар, сен де қызықсың-ау, әрбір елдің астанасы болса, сол астананың өз символы болмай ма? Мысалы, Париждесе, Эйфел мұнарасын, Лондон десе, Биг-Бен сағатын есімізге аламыз. Сол сияқты Бәйтерек- Астананың символы дер едім. - Иә, дұрыс айтасың. Елордамыздың символы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр білесің бе? - Асан, жарайды, сен білмесең, мен айтайын. Биіктігі 97 метр. Неліктен 97 метр деп ойлайсың? - Мылжыңдадың-ау! 97… иә… 1997 жылы елордамыз Алматыдан Астанаға көшті. «Бәйтерегіміздің» биіктігі 97 метр болуы осы себептен болар?! - - Иә, Асан, мұндай шардың биікте тұруы әлемнің бірнеше қалаларында кездеседі. Мысалы, Италияда осындай шар 20 метр биіктікте тұр, ал Эмираттарда 56 метр биіктікте. Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көрші!? - Шынында да, осындай шардың 97 метр бміктікте тұруы - тек қана біздің елімізде екен ғой. Ажар, ал осы шар туралы не айтасың? - Түркі халықтарының аңызы бойынша, алып ағаш - бәйтеректің ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. - Иә,мүмкін… Елордамыздағы «Бәйтерек» даламыздың асқақ рухын, халқымыздың биік парасатын, біздің бақытты болашағымызды көрсетіп тұр деп айта аламыз.
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән-жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
(Жұбан Молдағалиев)
«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір-бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.
Меним анам ен сулу адам Ойткени мен оны жаксы коремин.Баринин ойында озинин анасы козге туседи,ягни бари озиннин аналарын жаксы ,ен сулу деп ойлайды..Ешким озинин анасын жаксы кормей алмайды...Ойткени ол бизбен бирге журегимизде болады. Анасы бар адамдар ешкашан картаймайды деген макал бар.Бул шындык. Ойткени анасы болган а еркелетеди.Нешеде онын баласы болмасала, 5 жас немесе 45 жаста болсада ол анасына ен курттай болады.Солай макалда да айтылган ешкашан картаймайды деген.Солай ар баласына да анасы ен сулу адам болып келеди.!
Маған да керек