М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Катякатя2005
Катякатя2005
01.03.2021 07:40 •  Қазақ тiлi

[10] 2-мәтін
«Астана-Бәйтерек» монументі - елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны.
оны виті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша,
тылсым касиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің да
кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діні алам әлемі, басы рухтар мекені болып
табылатын кек тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бай» - үлкен, алгашка
деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарак) «ағаш» деген ұғымды білдіреді.
Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, зәулім ағаш» дегенді танытады.
Оның идеясында «Самұрық» касиетті құсы туралы ежелгі казак аңызы жатыр.
Қанатымен аспанды жауып, «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып
келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртка Күнге негіз
салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шакыруда.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған.
Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына
шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.​

👇
Ответ:

мсыррсчлачилғкычм скеншщзззпсс

4,6(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
123890Cookie123890
123890Cookie123890
01.03.2021

ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап,  үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты -  көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.

Константин Анисимов  - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі  «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды  қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін  сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп  үлгерген.

Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.

Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.

Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен  ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.

Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді.  «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып  шығады.

Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып,  кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.

4,5(16 оценок)
Ответ:
sviatolavbazil
sviatolavbazil
01.03.2021

Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ

Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау

Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу

Екі езуі екі құлағына жету – қуану

Екі көзі төрт болды – қорықты

(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған пост)

Екі көзі шарасынан шығу – қорқу

Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру

Еңбегін сауды – адал күн кешті

Еңсесі құру – сағыну

Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар

Ереуіл атқа ер салу – елін қорғануға асыну

Ернін шығарды – мазақтады

Ернінің емеурінін табу – көңілін табу

Есек құрты мұртына түсу – баю

Етек-жеңін жию – есін жию

Етектен алу – кедергі жасау

Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау

Жағадан алу – қылғындыру

Жағасын ұстау – таңдану

Жағы сембеді (тынбады) – көп сөйледі

Жағына пышақ жанығандай – арық

Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты

Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру

Жанары кетті – көзінің нұры кетті

Жанды жегідей жеу – қиналу

Жаны зәр түбіне жету – қорқу

Жаны сіріден жаралған екен – мықты

Жанын қоярға жер таппау – әлек болу

Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру

Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау

Жауырынан жел өту – азап шегу

Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру

Желкесін қасу – қысылу, сасу

Жеме-жемге келгенде – шешуші сәтте

Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс

Жер болу – ұялу

Жер жұту – жоқ болу

Жер қабу – өлу

Жер қаптыру – алдау

Жетім қыздың тойындай – елеусіз

Жұлдызы оңынан туу – жолы болу

Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу

Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу

Жүз тайысу – ұрысу

Жүзі қайту – тайсалу

Жүзі солу – жүдеу

Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу

Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау

Жүндей түтті – әбден сабады

Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды

Жүрегінің түгі бар – батыр

Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз

Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады

Жылан жалағандай – түк қалдырмау

Жыланның басы қайту – аштығы басылу

Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмеу, абдырап сасу

Жыртысын жырту – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді

Жібі түзу – дұрыс адам

Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу

Жілігі шағылу – беті қайту

Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу

Зәрі қайту – уы тарқау

Зәріне міну – қаһарлану

Зығыры қайнау – ашулану

Иегі қышу – дәмелену

Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз

Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр

Инені жіпке тізу – бәле қуу

Иненің жасуындай – азғантай

Иненің көзінен өткендей – пысық

Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді

Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз

Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау

Ит болу – қор болу

Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында

Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау

Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру

Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген

Иығына су кету (иығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау

Иығынан дем алу – мақтану

Иін тірескен – өте көп

Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу

Кәдеге асу – іске жарау

Кәріне міну – ашулану

Кебін кию – аяғын құшу

Кежегесі кейін тарту – жалқаулану

Кендірі кесілді – көтерем болу

Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ

Кең дүние тар болу – дүниеден түңілу

Кердең басу – талқандау

Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам

Кеудесіне шайтан кіру – азу

Көз байлау – алдау

Көз болу – ие болу

Көз жазып қалу – адасу

Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау

Көз салу – қарау

Көз сүзу – телміру

Көзі шалу– байқау, аңдау

Көзге сүйел болу – жеккөрінішті көріну

Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

Көзден ғайып болу – жоқ болу

Көзді ашып-жұмғанша – тез

Көздің жауын алу – қызықтыру

Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау

Көзі (қарасы) батты – біржола жоқ болды

Көзі алақандай болу – қорқу

Көзі ашылу – санасы ояну

Көзі жету – кәміл сену

Көзі тою – көңілі тою

Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау

Көзіне шөп салу – алдау

Көк айыл (долы) – ашушаң

Көк ала қойдай ету – сабау, ұру

Көк өрім – бала кез

Объяснение:

4,7(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ