Отбасы – дүниедегі ең маңызды, ең құнды ұғым. Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі деген артық емес. Әр бала толық қанды отбасында тәрбиеленіп, ата-ана тәрбиесімен, ақыл-кеңестерімен сусындап өссе екен. Жетім, тастанды, өз еркімен қол үзген балалар болмаса екен деген тілегім де бар. Елде отбасылары көбейіп, ондағы бала саны да арта түссе екен.
Отбасы деген киелі сөзге құрметпен қарау керек! Отбасы – отанымыздың болашағы! Әр адамның түп тамыры, жанының жадырар жері де өз отбасы. Елімізде отбасы құндылығын дәріптеу қолға алынған. Аялы ана алақаны мен әке ақылын алған бала мейірім мен ізгілікке жақын болып өседі. Отбасында не көрсе, сол өмірлік азық болады. Әр отбасы өз тіршілігі болашаққа беріліп жатқан несие екендігін білген әбес. Өз отбасымызға ұқыпты болайық! Отбасы ішінде бір-бірімізге ашық алақан мен ыстық жүрек ұсынайық!
Если человек с уверенностью может сказать, что его дом является для него крепостью, защитой и просто местом, где ему хорошо, то это очень здорово. Думаю, в жизни каждого из нас должна быть уютная пристань, где мы можем укрыться от проблем, отдохнуть, перевести дух. Не зря говорят: «дома стены лечат». Это правда, уже замечено, что дома у человека выздоровление идет быстрее. С чем это может быть связано? Возможно, с тем, что здесь человек расслабляется, чувствует себя спокойно и уверенно.
Я очень люблю свой дом. Его строил еще мой прадед - полковник, и уже четвертое поколение моей семьи в нем живет. Дом состоит из двух этажей: на первом у нас прихожая, кухня, гостиная и ванная, а на втором – три спальни. Еще у нас есть чердак, но я туда не хожу, там хранятся разные старые вещи и папины инструменты. Я уверен, что у нашего дома есть душа. Если, к примеру, в семье кто-нибудь ссорится или кричит, в доме обязательно что-то сломается. И чем сильнее будет ссора, тем серьезнее будет поломка. Мы это заметили давно и думаем, что так он нам выражает свое недовольство.
Киімі айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Бірақ жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жасамыстарымыз да жаһанданудың «жемін» жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, америкалануға аңсары ауып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» - жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрісті жезөкшелер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Ал қыздарымызды киіндіруден гөрі шешіндіруге көбірек қызмет ететін «киімдер» бұл күндері қала қыздарын қамтып қана қоймай, ауылдарды аралап кеткелі қашан?!.