М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rope22
rope22
16.06.2020 04:47 •  Қазақ тiлi

Салеметсiз бе! Кiм бiледi такпак кала туралы​

👇
Ответ:
SuperGirl1111468
SuperGirl1111468
16.06.2020

Қаланың тас көмкерген тірлігіне.

Жаныма жай таба алмай зыр жүгірем.

Биікке талпынсам да,тырп еткізбей.

Əйтеуір тұмшалайды түрлі жүрген.

Объяснение:

95%

4,8(32 оценок)
Ответ:
Kiiss
Kiiss
16.06.2020

Ой келеді жауған кезде жаңа қар,

Жаның қалай тебіренбей қала алар?

Соққан боран, жауған қарға қарамай,

Салады адам жаңа-жаңа қалалар.

Керекуім, сенің ақын ұлыңмын,

Бесігісің, сен балалық жырымның.

Жат қаланың жалтыр гауһар тасынан,

Артық көрем қиыршығын құмыңның

Рухымыз кетпепті аласарып,

Азаттықтың байрағын ала салып,

Өркениет аулына көш түзедік,

Алдыменен жол салып, қала салып.

4,5(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
79272197114
79272197114
16.06.2020
Біз есеп, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен емтихан тапсырамыз және бір пәнді өзіміз таңдауымызға болады, мен географияны таңдадым. Есептен бақылау болады, қазақ тілі мен орыс тілінен диктант, Қазақстан тарихынан билеттер және географиядан тест болады. Мен емтиханнан қорықпаймын, бастысы жақсы дайындалу және емтиханды жақсы тапсыру, қалғандары артта қалды. Мен қазірден ақ партада отырып диктантты  немесе бақылауды жазып отырғанымды елестетемін, сосын қатты қорқынышты болып кетеді, дәл ертең осы емтиханды тапсыратындай. Ештеңе етпейді қайталап үлгіремін, бәрін оқуға ерте. Бастысы дайындалу, қайталау.
4,4(14 оценок)
Ответ:
bluegirl
bluegirl
16.06.2020
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы. Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» (Массагет порталы) деген болатын. Ана тілі – тағдырдың басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы , тамаша тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Бірақ елдің бүгінгі күні бұрынғы КСРО қоғамыменде байланысты. Кешегі орыстандыру саясаты, бүгінгі тіл өркениетінің өспеуіне кері әсерін тигізуде.Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар. Қарапайым ғана мысал алсақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлей білуі міндет болып табылады.Бірақ қазіргі күні екінің бірі , мемлекеттік қызметте бола тұра оны білмеуі. Кейбір дүкендер, жұмыс бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми құжаттарда ( логикалық тұрғыдан алып қарасақта) қарапайым «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы. Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас ұрпақтың бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс жасалынуда. Соның бір кепілі ғаламтор жүйесіндегі «Әдебиет порталы», қазақ тілінде «Сұрақ-жауап» сайттарының пайда болуы. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының белгісі. Кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көп этносты мәдениеттің әр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыратыны сөзсіз. Ал ұлттық мәдениеттің өзегі — ұлттық тіл, ол халқымыздың тәуелсіздігінің тұғыры! «Тірі қалсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» -деп әдебиеттің де, тарихтың да белгілі тұлғасы әрі сыншысы Әлихан Бөкейханов айтып кеткен еді. Биыл тіл жанашырының 150 жылдық мерейтойы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл тіл жанашырының мерекесі себептен себепсіз болуы мүмкін емес.Біз жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді,Мәңгілік тілді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел, Мәңгілік тіл - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

арасынан тауып жазып ал)
4,6(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ