Мен теледидар көремін.
Сабақ оқып, үй шаруасына көмектесуден қолым бос кезде теледидар көремін. Апта күндері мен уақытқа байланысты түрлі арналарда неше түрлі бағдарламалар көрсетіледі. Солардың ішінде менің сүйікті бағдарламам «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы күнделікті таңертең сағат жеті мен онның арасында болатын - «Таңшолпан» ақпаратты – сазды бағдарламасы. Күнделікті үзбей көруге тырысамын. Бұл ауқымды бағдарламаның түрлі қызықты айдарлары бар. Мысалы, «қызықты ақпарат», «ба зге шолу» және «қазақ жері» айдарларын аса зор ықыласпен тамашалаймын. Сонымен қатар эфирге шақырылған қонақтардың сұхбатын да тыңдағанды ұнатамын.
«Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді және бағдарлама жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. Мен тіпті бірнеше мәрте бағдарламаға хабарласып, сауалдарға жауап беруге тырысқан болатынмын.
Мерекелер қарсаңында көрсетілетін түрлі бағдарламаларды отбасымызбен тамашалағанды ұнатамыз.
Әрине, теледидар көрген кезде демалып, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласаң, сондықтан да басқа шаруаларға да үлгеру үшін, сонымен қатар көздің көруі нашарламау үшін теледидарды күнделікті 1,5 – 2 сағаттан аспайтын уақыт көрген дұрыс деп есептеймін.
Халқымыздың мәдени тарихындағы ерекше тұлға – Абай Құнанбаевтың музыкалық туындыларымен танысуды немістің ұлы композиторы Л.В.Бетховеннің «Айлы түн сонатасын» тыңдаудан бастаймыз. Алдымен бұл музыканың қандай сезімге құрылғаны туралы сөз болуы тиіс. Оның жай ғана мұңаю немесе қайғыру сезіміне емес, қайта ерлікке толы екенін ашып көрсету керек. «Айлы түн сонатасы», сөз жоқ, монологпен басталады, онда тебірентерлік шындыққа толы өсиет-ой жатқанын сезіну қиын емес. Музыка әлемінде мұндай құбылыстар сирек кездеседі.
Осыдан кейін Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» әнін тыңдауды ұсынамыз. Әнді тыңдау арқылы әр түрлі халықтардың өкілі болып табылатын ұлы композиторлардың жазған музыкалары арасындағы ішкі өзара байланыстарды салыстырып көру керек