М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
olenapolova4
olenapolova4
03.01.2021 12:26 •  Қазақ тiлi

Кыпшак ситкул шыгармасындагы бреудын малын байлыкты куган кым? А)Антон
В)Ситкулдын агасы
С)Ситкулдын досы
Д)Атымтай жомарт
8тапсырма сосын
9тапсырма
10тасырма керек болп тур отынышш


Кыпшак ситкул шыгармасындагы бреудын малын байлыкты куган кым? А)АнтонВ)Ситкулдын агасы С)Ситкулдын

👇
Открыть все ответы
Ответ:
roma34569
roma34569
03.01.2021
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:

«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.
4,7(19 оценок)
Ответ:
Vikaaaa32
Vikaaaa32
03.01.2021
Қоғалы көлдер, құм, сулар,

       Кімдерге қоныс болмаған?

       Саздарға біткен құба тал

       Кімдерге сайғақ болмаған?

       Басына жібек байлаған

       Арулар кімнен қалмаған...

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Өтемістің он баласы болған; солардың ең үлкені Бекмағамбетткен кейінгісі Махамбет екен.

       Ақын «Менің атым Махамбет» деген өлеңінде: «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік», – дейді. Өтемістің үлкен баласы Бекмағамбеттен басқалары көтеріліс кезінде түгелдей халық жағында болып, оған белсене қатысқан.

       Махамбет жас кезінде хан ордасында болады. Арабша да, орысша да хат білген. Оның ордада, Орынборда болуы туралы Жәңгір хан өзінің губернаторға жазған хатында:  «Иасатайдың ең жақын досы, ең бірінші кеңесшісі, ол сол сойқанның ең бірінші жәрдемшісі болған Махамбет Өтемісұлы деген киргиз (қазақ) менің Зұлқарнайын атты ұлымның жас кезінде Орынборда қасында болды, бірақ ол мүлде бұзылған адам болғандықтан, мен оны қуып жібердім» деп сипаттаған (Рязанов. «Исатай Тайманов көтеріліс», 1927, 18-бет).

        Махамбет ерлік пен ездікті, достық пен қастықты, жақсылық пен жамандықты жырға қосады. Жорық, күрес ақыны Махамбет өзінің көрген-білгендерінен, бастан кешкен өмір құбылыстарынан терең философиялық түйін жасаған. Философиялық түйіндерді ақынның кез келген өлеңінен кездестіруге болады.

Махамбеттің пейзаждық лирикаға жататын Нарын туралы екі өлеңі ғана бар. Басқа өлеңдерінде табиғат құбылысын суреттеу сөз арасында болмаса, жеке өлең түрінде кездеспейді.

Махамбет үшін адамгершілік өлшемі – тәж де емес, тақ та емес, байлық та емес. Ақын «туралық ісі болмаған» хандардан, «қайырымы болмаған» байлардан халықтан туған қарашаны көш артық көрген.

Ақын:

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз,

Қарада туған қара бар,

Хан ұлына бергісіз... – деп, ел азаматын ардақтайды. Соған сенім артады.

       Истайдың айнымас серігі, «қабағынан шытпас ер», «дініне берік» жауынгер де абзал досы, еліне емірене қызмет етуді бүкіл ғұмыр-тіршілігінің мазмұны деп білген, «қолына қоңыраулы найза алып» асқақ әуенімен Исатай басшысының соңынан ерген, ереуіл ақыны Махамбет болды. «Шамдансам шалқамнан түсермін» деп өзі айтқандай, әрі намысшыл батыр, әрі ақын Махамбет өктемдікке, озбырлыққа отты жаны шиыршық ата, ереуілдете атой беріп, майданға Исатаймен бірге шығуға бел байлайды. Өмірінің соңына дейін жаумен күресіп өтеді.

       P.S. Көркем әдебиет – қоғам өмірінің айнасы десек, Махамбет туындылары өз заманындағы халық бұқарасының мүддесін бейнелеген, езілген шаруалардың жоғын жоқтаған шығармалар болды. Сондықтан да, Махамбет сияқты ұрпағына асыл қазына, қымбат мұра қалдырған ақын-жазушыларды қазақ елі жоғары бағалайды.

Махамбет өлеңдерінде ғибратқа толы, афоризм болып кеткен өнегелі жолдар өте көп. Ақын өзінің терең ойлы сөздерімен кейінгі ұрпағына тіл қатқандай, ақыл өсиет айтып кеткендей.
4,5(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ