«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздер (орысша аудармасымен):
Отбасы: семья
Отағасы: глава семьи
Әке: папа
Ана: мама
Ата – ана: родители
Бала: ребенок
Немере: внук
Шөбере: правнук
Ата: дедушка
Әже: бабушка
Аға: брат
Іні: младший брат
Әпке, апа: старшая сестра
Сіңлі/қарындас: младшая сестра
Тәте: тетя
Көке: дядя
Жезде: зять (по отношению к родственникам жены, которые младше ее по возрасту)
Бажа: свояк
Абысын: невестка (жена старшего брата по отношению к жене младшего брата)
Ағайын, туыс, туысқан, бауыр: родственник
Нағашы: родственники, по линии матери
Өз жұрты: родственники, по линии отца
Қайын жұрт: родствениик, по линии мужа/жены
Құда: сват
Құдағи (құдағай): сватья, сваха
Келін: невестка
Күйеубала: зять
Ене: Свекровь
Ата: свекор
Зар заман – тарихи кезең.
Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.
Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.
Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.
Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.
Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.
Объяснение: