М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Elyanoname
Elyanoname
09.08.2021 16:01 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып такырып кою 1-мәтін
Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады. ХХ ғасырдың ортасына қарай минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.
Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде, Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
 
2-мәтін
Гeолог ғалым, қоғам қайраткeрі, Қазақстан ғылым Акадeмиясының ұйымдастырушысы жәнe тұңғыш прeзидeнті, Ертіс өңірінің акадeмиктeр әлeмінің бас ұйытқысы, ұлы дала жұлдызы, қазақтың тұңғыш акадeмигі Қаныш Имантайұлы Баянауылдың батыс бөктeрінeн күншілік жeрдe, өзeннің жағасында іргe тeпкeн Сәтбай қажының кіші ауылында дүниеге келген. Содан болар, Сeмeй eлін – Абай eлі дeсe, Кeрeку eлін – Қаныш eлі дeп айтады.
Қаныш аға ғылым ордасын көтeргeн күнгі салтанатта сөйлeгeн сөзіндe былай дeгeн eкeн: «Ғылым жалған мадақты сүймeйді, ғылым биік сарайына бірeуді жақсы көріп, иә жалтақтап жүріп кірe алмайсың. Ғылым ымырашылықты, бос мақтан даурытпалықты, өтірік мәлімeт, өсeк аяңды, көрсe-қызарлықты да көтeрмeйді. Оған ниeт, таза жүрeкпeн бару кeрeк».
Баянауыл eлі – қазақ халқының киeлі да қастeрлі жeрі. Ата-баба дәстүріндe тәрбиeлeнгeн ұрпақтан ғұлама ғалымдар шыққан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаeв та осы қасиeтті жeрдe дүниeгe кeлді. Баянауыл тауларында табиғи тастан «жасалған», нeбір таңғажайып сәулeттeрді кeздeстірeміз. Тeміртау сияқты алып қаланы тұрғызу, мeталлургия кeшeнін салу идeясын 1946 жылдан бастап жоғарғы жаққа өтінішпeн шығып, ойларын жүзeгe асырды. Қаныш аға ұлы даланың көп жылдар толғатып, заманалар тоғысуынан соң, ХХ ғасырда қазақ халқына сый eтті.
Баянның қарағайы мeн жұпардай аңқыған көкорай шөптeрдің хош иісін қанша жұтсаң да көкірeк бір тоймайды. Баянауылдың бeйрeсми әнұранына айналған, сөзі Қабдікәрім Ыдырысовтың, әні Нұрғиса Тілeндиeвтің «Баянауыл вальсінің» қайырмасында «Баянның Қанышы көпкe әйгілі» дeгeн сөздeр алынып, «ұлдары» дeгeн сөзгe өзгeртілгeн eкeн. Жан-жақты ойластырылып, жасалған әрекет екені белгілі. Акадeмияның нeгізін салған дара тұлға кeйінгі ұрпақтарға үлкeн жол сілтeп кeтті.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lamptambler
lamptambler
09.08.2021
Менің отбасымда төрт адам бар.Олар-әкем,анам,ағам және мен.Менің әкем -дәрігер,анам мұғалім.Ағам -заңгер.Мен  жетінші сыныпта оқимын. Біз отбасымызда тату -тәтті тұрамыз.Отбасымызбен бірге демалыстарда серуенге шығамыз. әр мейрамды бірге тойлаймыз. 
В моей семье четыре человека.Это -папа,мама,брат и я.Мой папа -врач,мама-учительница.Брат -юрист.Я учусь в седьмом классе.Наша семья очень дружная.Всей семьей на выходные мы выезжаем на прогулки отдыхать,,все праздники отмечаем вместе.

Подробнее - на -
4,6(94 оценок)
Ответ:
Zhurenko13
Zhurenko13
09.08.2021
Оқу жылы аяқталып, асыға күткен жаймашуақ жаз да жетті. Соңғы қоңырауда мектеппен үш айға қоштасып, жаздың бал күндерінің қойнына еніп-ақ кеттік. Жаз - жылдың төрт мезгілінің ішіндегі ең жанға жайлы, тамаша мезгіл. Қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған балалардың барлығы жаз шыға салысымен жазғы лагерьлерге, ауылына не басқа қалаларға қыдырып қайту үшін баруға асығып тұрады. Мен де бой жазып, сергу үшін тынысы кең ауылыма тартып тұрдым. Ауылым - Семейдің киелі Баршатас жері. Қаладан пойызбен аттанып, әрі қарай автокөлікпен ауылға қарай жүйіткіп келеміз. Ауылға кіре берер тұста ағаштар мен тарыдай шашылып жатқан үйлерді көріп, жүрегім жылып сала берді. Туған ауылдың құшағына еніп, өн бойымен зырлап бара жатқандағы күйдің өзі бөлек-ау, шіркін. Тұла бойым шымырлап, әр тасына дейін емірене қарап отырғанымда апамның үйіне де жетіппіз. Үйдің алдына тоқтаған көліктің дыбысын естіген туған-туыстарым жадырай дуалдың есігін ашып, мәз-мейрам болып қарсы алып жатыр. Көптен көрмеген жылы жүздер, көптен иіскемеген апам үйінің иісі, барлығы да бала көңілімді өмірге қайта келгендей шаттандырады.

Кіндік қаным тамған киелі өлкеге келіп, топырағын басып, ауасымен тыныстап, суынан құмарың қанғанша ішудің өзі қаншама жылдар бойы қала тірлігі шаршатқан денеңнің құрышын жазып, қала өмірі басқан еңсеңді тіктейді. Ауылдағы туған-туыстарымның үйіне сәлем беріп, әр үйде арқа-жарқа болып сыр тартысып, қойныңа сыймайтын қуаныш арқалаумен біраз күндер өтті. Достарыммен, көз көрген таныстарыммен кездесіп, балаша асыр салып, бұрынғыны еске түсіріп, тағы да бірнеше күннің қалайша лезде өтіп кеткенін де аңғармай қаласың.

Ауылдың табиғаты табиғат-ау, шіркін. Өзенге барып, Баршатастың басы аталатын Баршатас өзенінің таудың құшағына еніп, мамыражай аққан суына барып, рахаттана суға күмп бересің. Өзен жағасында отырып алып, қиырышық тастарды суға лақтырып, тасты емес-ау, құдды бір санаңды шырмаған тұманды ойларды, еңсеңді езгілеген қиындықтарды лақтырғандай боласың. Мұнан соң тауға шығып, кермиық кең даланың төсіндегі бір нүкте ғана бола тұра, осы бір даланы өзің ғана иемденетіндей құшағыңды айқара ашып әрлі-берлі жүгіріп, топырағына аунап, тұтас жерді қойныңа сыйғызардай боласың. Қырдан гүл теріп, жусанның көкірегіңді жарар иісін құшына иіскеп, балалықтың артта қалып бара жатқан бал күндерімен қайта табысасың. Тау басына шығып, күнге қарап көсіле отырып, алдағы күнге деген арман-мақсатыңды тізіп, бойыңа жігер жиясың.

Осылайша ауылдан қайтар уақыт та келіп жетеді. Қимастықпен қол бұлғап, қайтадан тынысы тар қаланың тірлігіне асығасың. Бірақ ауылда өткізген әр күннің өзі жанға шипа. Дәміл-дәміл есіңе түсіп, аңсатқанымен, бойыңа бір жылға жетерлік күш-қуат сыйлайды.
4,7(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ