ответ:Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалі Гран-приінің, Президент кубогының иегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз, белгілі ақын Ерлан Жүністің өлеңдері 6-7 сынып оқушыларына арналған оқулықтарға енді. Бұл, әрине «ақынмын» деп жүрген кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін зор бақ. Нағыз табиғи таланттың табысы екені сөзсіз.
Бұған дейін қарасы қалың оқырмандарына «Жыр перзент», «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Ғаусар», «Үміт жырлары», «Энтелехия», «Арманшыл таңның бұлттары» секілді бірнеше жинағымен танылған ақынның өлеңдері тау бұлағындай мөлдірлігімен, тазалығымен жұртшылықтың жүрегін баурап алатыны ақиқат. Талай әдеби аламандарда қатарынан оза шауып жүрген талантты ақынның шығармашылығына табыс тілейміз.
Объяснение:
ПОСЛОВИЦЫ О ТРУДЕ
1. Еңбек ер атандырады.
(Труд героем сделает).
2. Еңбек – ер азығы, жауын – жер азығы.
(Труд человека питает, дождик землю орошает).
3. Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
(Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт).
4. Еңбек патшалықты асырайды
(Труд целые государства кормит).
5. Еңбек шаhар түзетеді, еңбексіздік оны жүдетеді.
(Труд города украшает, лень их в пустыню превращает).
6. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
(Отец богатства – труд, мать богатства – земля).
7. Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді.
(Без труда не завершишь дела, а у лодыря до дела руки не доходят).
8. Еңбек ептілікті керек етеді.
(Труд любит умение).
9. Ауыр болмай, жеңіл болмас, еңбек етпей, өмір болмас.
(Без тяжелого легкого нет, без работы жизни нет).
10. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
(Жизнь обучает, а труд закаляет).
11. Еңбексіз өмір – түтеген көмір.
(Жизнь без труда, подобна тлеющим углям).
12. Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
(Пока есть силы, трудись, будет на что тебе в старости жить).
13. Сабыр мен еңбек бәрiн жеңбек
(Терпение и труд всё перетрут).
14. Еңбек ет те, мiндет ет.
(Сперва потрудись, потом возгордись).
15. Жақсы жұмыс – жанға тыныш.
(На душе покой всегда от хорошего труда).