М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Asyu666
Asyu666
17.02.2022 21:21 •  Қазақ тiлi

Үлкен жетістіктерге жету үшін тек сүйікті ісіңмен айналысу керек пе?​

👇
Ответ:
ваня20172
ваня20172
17.02.2022
ответ:Кез келген саналы адам өмірде табысқа, жетістікке жеткісі келеді. Оның орындалуын көксеп, іштей алдына үлкен-үлкен мақсаттар қойып, соған жету үшін бар күшін салады. Әрине, көздеген мақсатқа бірден жете қою мүмкін емес. Жолыңызда небір кедергілер кездесетіні сөзсіз. Кей адамдар ондай кедергілерге тап болған жағдайда әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Жетістік а бақыт сезімін сыйлайды. Әр адам бақытты болуға һәм табысқа жетуге хақысы бар. Олай болса, оған жетудің қандай жолдары бар екенін біліп көрелік. Әуелі, жетістікті қалай түсінеміз? Жетістік дегеніміз – бір мақсатқа бағытталған рухани әрі дене қуатының белгілі бір деңгейге, биікке жетуі. Жетістікке жету жолындағы басты ұстанымдарды біліңіз. Олар: – Алдыңа үлкен-үлкен мақсаттар қоя білу; – Әр іске дайын бола білу; – Қандай жағдай болмасын үнемі алға ұмтылу; – Қорықпау, сенімді бола білу; – Әрқашан еркін ойлау, тәуелсіз бола білу; – Өзгелермен кеңес құру, т.б. Жетістіктің 90%-ы еңбекпен келетінін ешқашан ұмытпаңыз. Бұл үшін мына нәрселер керек: – Өз қарым-қабілетіңді білу; – Өзіңді өзгелерге мойындату; – Өмірлік һәм ұлттық құндылықтарды тану, т.б. Белгілі бір табысқа кенелу үшін алға мақсат қоямыз, оған жоспар құрамыз. Мақсат құрған кезде мына нәрселерді әрдайым жадыңызда ұстаңыз: – Мақсатыңныңыздың пайдасын біліңіз; – Үнемі ізденіс жасаудан шаршамаңыз; – Ісіңізздің нәтижесін талдап, саралай біліңіз; – "Сақтықта қорлық жоқ" дегендей сақтық шараларын да ұмытпаңыз; – Әрдайым сапаға ерекше мән беріңіз. Мақсатқа ұмтылған адам күндердің бір күнінде сол көздеген дүниесіне жетері анық. Жетістікке жетіп, шалқаю жақсы адамның ісі емес. Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық болғаныңыз жөн. Тағы бір айта кететін нәрсе, жақсы адам өзіне қалағанды өзгеге де қалайды. Тек қана өзім үшін деп емес, өзгелерге де пайда келтіру жағын ойластырыңыз. Ең үлкен жетістік – өзгелерге пайда келтіру, қоғамға пайдалы іс тындыру.

Объяснение:

4,6(88 оценок)
Ответ:
Сельга7
Сельга7
17.02.2022

Жоқ

Объяснение:

4,7(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
joker2284
joker2284
17.02.2022

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.

Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз

4,4(53 оценок)
Ответ:
506010
506010
17.02.2022

Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, болашақта адам әрекетінің сипаты кандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердін салаларын да қамтиды. Болжамдар бойынша, болашақта отын-энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылады. Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, оларды ұтымды пайдалану тиімді.

Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су қорларын өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде қарастырылуы кажет. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы ортаның құрам бөліктеріне әсері алдын ала жан-жақты ғылыми жағынан болжануы қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерін ескермей, Алматы қаласында ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын нашарлатты. Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор. Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет. Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор. В.И. Вернадский «адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес» деген болатын. Табиғи қорлар таусылған құнның өзінде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жаңа шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс.

Объяснение:

4,4(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ