Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.1. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусым күні Әмір Темір тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қо йылған. Түркістан қаласының батысынан 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде орналасқан.
2. Тайқазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр. Қазан сыртындағы арабтың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Йассауи кесенесіне арналып жасалғаны айтылады.
Объяснение:
Менің туған өлкем
«Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, а үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған – туыс, жора – жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті, Бойыма күш — жігер нәр алдыртты. Мен әлі 6 – сынып оқысам да, алтын ұя мектебімді аяқтап, үлкен өмірге жол ашатын біріңғай ұлттық тестілеу сынынан өтуге қазірден дайындалу үстіндемін. Өйткені өз Отанымды көркейтіп дамыту үшін барлығын жасағым келеді. Атақты Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев ағаларымыз сынды ұлдарын жаратқан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді. Мен – болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір жолаушысымын. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір — керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын.
Объяснение: