ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті мектеп оқушылары! Қаламыздың 150 жылдығы мен Жас натуралистер станциясының 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Жас натуралистер станциясының "Ғажайып жануарлар" көрмесін тамашалауға шақырамыз! Көрмеде сәндік және үй қояны, кептерлер мен аквариумдағы балықтар, тасбақалардың түр түрімен танысып, оларды тамақтандыра аласыз. Көрмеге қатысушылар үшін хайуанаттар бағына тегін кіру қарастырылған. Көрме 2019 ж. 15 тамыз күні сағат 10.00 – 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Алдын ала тіркелу үшін 8 7172 56-49-87 нөміріне хабарласыңыз. Құрметпен, Зоосаябақ әкімшілігі 2-мәтін ХАБАРЛАНДЫРУ! Ата-аналар назарына! «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» 2019 жылдың 17 – 27 маусым аралығында «Көңілді жаз» жазғы сауықтыру мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру маусымының жұмысын бастайды. Маусымдық бағдарламада: Балалардың таңғы және түскі астары; Танымдық сабақтар («Жануарлар әлемі», «Тіл дамыту», «Қызықты математика»); «Шынықсаң шымыр боласың!» (спорттық ойындар мен басссейн); Шығармашылық сағат (бейнелеу, қолөнер); Қалаға саяхат (қаламыздағы түрлі ойын-сауық, танымдық орталықтарын аралау) жасау қарастырылған. Орталық: Бір отбасынан екі немесе одан көп оқушы болған жағдайда; Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасайды. Орындар шектеулі екендігін ескертеміз. Жазылуға асығыңыздар! Мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік көшесі, 83. Байланыс нөмірі: 8 700 455 46 47, Айсара (әкімші) А мәтіні Ә мәтіні Стильдері Ерекшеліктері 2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз. А мәтіні Ә мәтіні Не туралы? Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
Күрілдектің күтірінде жеген таяқтан кейін қатты ауырып еңбекке күші келмеген Мұқаң Зәуре атты ұзатқан қызының аулына көшіп келеді. Зәуренің күйеуі — бес мың жылқы біткен Есеней байдың інісі, Еменалының кенже баласы. — Аты — Сүлеймен — әкеммен жасты. Зәурені ол тоқалдыққа алған. Бұл ауылда біздің үй бір қыс болған деседі. Ол жылы мен төрт-бес жаста болсам керек. Со жылы кездескен адамдардың ішінде, менің сәбилік есімде апам да, жездем де, басқалар да сақталмаған тек қана елесі сақталған жалғыз адам — Саятшы Ораз. Кейін ол адамның түр-тұлғасың кескін-кейпін айқын танып, қызыға қарап жүрдім. Орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара кезді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын кең шалбарының балағын ішіне сала, қонышын тізеден асыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғың дәрісің тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам еді ол... Менің есімде бұл кісі соншама айқын сақталмас па еді, қайтер еді, — егер со қыста, біздің үйдің күн көруіне оның көп жәрдемі тимесе...
Кейін білдім, жездем Сүлеймен орта дәулетті болғанмен сараң адам екен. Сондықтан ба, болмаса Оразбен бұрыннан көңілдестігі бар ма, менің әкем 1904 жылы жездемнің аулына көшіп барғанда, қысқы үйін күйеуінің қасынан емес, Ораз үйінің қасына салыпты.
Шала-шарпы есімде: Ораз бен біздің үй су жататын сайдың күнгей жағындағы қалың ағаштың қойнауында, өзге үйлерден оғаштау отырды. Біздің үйде ол жылы мал атаулыдан жалғыз-ақ сиыр болыпты. Оразда да бір ат, бір сиырдан басқа мал жоқ еді деседі. Сондықтан оның да шымнан салынған үйімен қамыспен қоршалған қорасы да, біздің де шымнан салған үймен қамыстан салған қорамыз да шап-шағын, кіп-кішкене.
Ораз ең алдымен мылтықшы екен және жалғыз оқты шитімен ғана атады екен. Бертініректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі шитімен атып түсіргенін өзім де көзіммен көрдім. Ес біліп, қасына ерген кезімізде Ораздың ұсынған оғы тимегенін көрген емеспін. Өзгелер де, Ораздың қолы өмірде мүлт кеткен емес» деседі. Оның үш мергендігі елдің есінде ерекше сақталған.