1. Реттік сан есімді атаңыз.
С) Тоғызыншы.
2. Бірінші қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.
С) 1 қыркүйекте
3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.
Д) 24
4. «1989-ый» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы.
5. Дұрыс жауапты белгілеңіз: Биыл нешінші сыныпта оқисың?
А) Тоғызыншы В) Сегізінші С) Он бірінші Д) Жетінші Е) Оныншы
6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
В) Заттың реттік санын білдіреді.
7. Болжалдық сан есімді табыңыз.
В) Беске таман.
8. Бөлшектік сан есімді атаңыз.
В) Үштен бір.
9. Жинақтың сан есімді табыңыз.
С) Жетеу.
10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
Д) Оныншы.
11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
С) Қанша? Неше? Нешінші?
12.Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
Д) Біреу.
13. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Жетпіс тоғыз.
14. Реттік сан есімді табыңыз.
В) Жетінші.
15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
В) Бір жарым.
16. Дара сан есімді анықтаңыз.
Д) Жиырма.
17. Болжалдық сан есімді табыңыз.
Д) Жүздей.
18.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.
А) Еңбек адамның екінші анасы.
19. Жинақтық сан есімді анықтаңыз.
Д) Үшеу.
20. Есептік сан есімді табыңыз.
Е) Жетпіс.
21. Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.
В)Есептік,реттік.
22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
В) Екімен.
23. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.
Д) –дай, -дей.
24. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
Д) Жетпіс бес.
25. Топтау сан есімді көрсетіңіз.
Д) Үш-үштен.
Су туралы шағын шығарма.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.