Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
благословения-бата
Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бүгінде сіздерге тәрбиелік мәні жоғары халқмыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, үздік баталар топтамасын ұсынады.
1)Құдай қуат берсін,
Нұрлы шуақ берсін!
Дастарханға береке берсін,
Күнде осындай той-мереке берсін
2)Мінезің бар әкеңдей бір салмақты,
Жігіт болып өсе бергін жан - жақты.
Құттықтайды нағашылар әулеті,
Тараздық Мухит атты нағашы!
Көзіміздің ағы менен қарасы,
Аман жүрші Құрақбайдың баласы.
Туған күнің құтты болсын Қайсаржан,
Қамқоршы ғой әрқашан да нағашы.
Басқалардан өте жақын болады,
Жиен менен нағашының арасы.
Тиіп кетсе қол қалтырап қалатын,
Құдіреттің күштілігін қарашы!
Сырласатын, сыйласатын өзіңмен,
Ең бірінші нағашым деп санашы
Эссе
Достық пен татулық - таптырмас бақыт.
Достық - ең ұлы сезімдердің бірі. Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады. Халқымыз "жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" деп бекер айтпаған. Достармен сен қуанышыңды да, қайғыңды да бөлісе аласың. Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.
Бұл өмірде адал дос та, амал дос та болады. Тек олардың аражігін айыра білу керек. Себебі, досың арқылы айналадағылар сені таниды. "Жаман достан жақсы душпан артық демекші" жаныңдағы шынайы емес достардан
қашық жүргенің абзал. Олар тек өз қара бастарын ғана ойлайтындықтан, сені тұңғиыққа батырып жібереді.
"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата- бабамыз. Расында, адамдар арасында татулық орнаса, алынбайтын қамал
болмайды. Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке, татулыққа шақырған. Осылайша олар бір-екеу емес, бірнеше болып жауға тойтарыс берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл - біздің татулығымыздың,достығымыздың көрсеткіші. Қандай жағдай болмасын, осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық. Себебі, татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.
Там 14-15 предложений...