М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rkrutoy
rkrutoy
22.04.2021 03:14 •  Қазақ тiлi

«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау,молайту . Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме.Мұнда саны сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Қорықтар-табиғаттың құнды байлығы. Табиғатты қорғау –әр адамның парызы. 1) Мәтіннің негізгі ойы қандай?

👇
Ответ:
Risha000chaR
Risha000chaR
22.04.2021

Қорықтар арқылы жануарларды қорғау,табиғатты сақтау

4,5(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ggggbbb90
ggggbbb90
22.04.2021

Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

А досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.

Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.

Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.

Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.

4,4(18 оценок)
Ответ:

Қазақтың жері ата - бабамыздың мұрасы.

Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.

Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.

4,6(36 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ