М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Torlate
Torlate
28.06.2020 04:05 •  Қазақ тiлi

5. Мәтін мазмұны негізінде тақырыпты шынайы өмірмен байланыстырып, 1 сөйлеммен толық жауап беріңіз.
( 5. Исходя из содержания текста, связывая тему с реальной жизнью,
Дайте полный ответ в одном предложении.)



[1]

Оқылым

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік – саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы орыс драма театры, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония және басқа да бір сыпыра мәдениет ошақтары бар.
Қазіргі уақытта Астанада 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның ішінде 34 сәулет және қала құрылысы ескерткіші, 12 археологиялық ескерткіш бар. Олардың ішінде 2 ескерткіштің республикалық маңызы бар, 44 жергілікті маңызы бар ескеркіш бар.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен – опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай – ақ талантты группа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

Мәтінге сай ақпаратты (+) белгісімен анықтаңыз.
(1. Обозначьте информацию, соответствующую тексту, знаком (+)

Ақпарат Белгі
«Астана Опера» балет театры Қостанай қаласында орналасқан
Астанада 12 археологиялық ескерткіш бар
Астана қаласы – 1992 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік – саяси орталығы

[1]
2. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің мазмұнына сай ақпаратты «иә» немесе «жоқ» жауабымен белгілеңіз. (Внимательно прочтите текст и отметьте информацию в соответствии с содержанием текста ответом «да» или «нет».)

46 тарихи мәдени ескерткіш бар
15 археологиялық ескерткіш бар
48 жергілікті маңызы бар ескерткіш бар

[1]

3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз.

1. «Астана Опера» опера және балет театры А қазақ музыкалық драма театры бар
2. Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы В республикалық маңызы бар
3. Олардың ішінде 2 ескерткіштің С әлемнің аса сәулетті театрларының бірі

[1]

4. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. (Определите основную идею текста.)
А) Астана қаласы туралы
В) Астананың сәулетті жерлері туралы
С) Астананың танымал көшелері туралы
Д) Астана мәдениет пен өнер ордасы
[1]

5. Мәтінді оқып. Астана мәдениет пен өнер ордасы деген ойыңызды дәлелдеңіз. (5. Прочтите текст. Докажите, что Астана - центр культуры и искусства.)

Себебі,

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Қазіргі кезде қызыл кітәпқа көп жануарлар мен өсімдіктер кірді.

Ол тірі организмдердің азаюымен байланысты,сол тірі организмдердің бірі- Тянь-Шань қоңыр аюы.Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200(екі жүз) және 300(үш жүз)-дей аю тіршілік етеді.

Алтай рауғашы  – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтай, Тарбағатай, Сауыр тауларының қиыршықтасты жағаларында, бұталар арасында, шалғынды жерлерде өседі. Биікт. 1(бір) м-дей, тамыры жуан, сабағы тік тілімденіп келген

Қызыл кітапқа сондай-ақ :Қызыл қасқыр,орман сусары,қарақал,және тағы басқа тірі организмдер жатады,Бұл және басқа жануарлардың саны аз,содан да олар қызыл кітапқа енгізілді

4,5(81 оценок)
Ответ:
oal64
oal64
28.06.2020

Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері

• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.

• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу. Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.

• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.

• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.

• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

• Жақанов — Қожаның сыныптасы.

• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".

• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.

4,4(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ