М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Taksa64
Taksa64
02.04.2021 17:38 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, мәтіннің жанрлық ерекшелігін, құрылымын анықтаңыз. 1-мәтін
«Елорда», «Нұр-Сұлтан» — мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның терінде сән-
салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық
ерлікпен енді. Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда, көптің көңілінде күмәннің
болғаны шындық. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен еңірге жаңа
леп келді. Зәулім ғимараттар салынды, Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады.
Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси,
әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы. Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан.
Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, емір ағашы — «Бәйтерек», «Астана-
Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» — барлығы да бірін-бірі
қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін
арттыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан – арман мен қиял әлемі.
Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік бірегей мүсiндiк нышандары
сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр-
Сұлтан», – деген еді.
2-мәтін
- Сәлем, жібек, сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба?
Сәлем. Жоқ, бірақ барғым келеді. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді
белгілеп қойдым.
— Імм, керемет екен! Қай жерлерге бармақсың?
- Алдымен, «Астана Опера» театрына, Пирамидаға, Ұлттық мұражайға барамын.
— Қойш, ол жерлерде қандай қызық бар? Киноға, ойын орындарына барған дұрыс қой.
— Ақгүл, мен мәдени-тарихи жерлерді аралап, білімімді жетілдіремін, ойын орталықтарына да баратын
уақыт табылады.
— Иә, сенің айтуың орынды. Мен оны ойламаппын. Егер білімді болсақ, елімізге пайдамыз тиеді. Солай
емес пе, құрбым?
- Әрине, дұрыс айтасың. Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек, кейін кеш болып,
бармағымызды ды тістеп каламыз. Окудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын. Жарайсың, Ақгүл!
жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды. Ол бір сәт үнсіз қалды,

Жанрлық ерекшелігі -
Мәтіннің құрылымы​

👇
Ответ:
volfxeniya
volfxeniya
02.04.2021

Нұр сұлтан қаласы

Объяснение:

Екі құрбы

4,5(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Annakitte0
Annakitte0
02.04.2021
дауыс

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.

С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
4,8(41 оценок)
Ответ:
Nasty2Tyan3
Nasty2Tyan3
02.04.2021
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 /бір мың сегіз жүз тоқсан үшінші / жылы Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған Әкесі Әубакір /Шоқпыт / кедей момын шаруа адамы екен. Жастайынан анасынан айырылған Сұлтанмахмұтты алып Баянауыл аудандағы Торайғыр ауылына көшіп келеді.Бала Махмұт ауыл молдаларынан оқып.хат таниды.Кейін 1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп ,одан 2-3 жыл сабақ алады.Жаңаша оқыған Нұрғали Бекбауов  деген мұғалімнің көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ ,татар тілдерінде шыққан әдебі кітаптарды, газет ,журналдарды оқуға дағдыланады..Сұлтанмахмұт Торайғыров -қазақ ақыны,қазақ әдебиетінің асыл қазынасы.Ақын -ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болған.
4,4(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ