Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Прочитайте текст и выполните задания Еламан теңізге тартты. Түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. Сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. Мұз ояды. Ау қарайды. Теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. Төбеде көк аспан. Табан асты көк теңіз. Екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. Теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. Әке- шешеден ерте айырылды. Әкесімен бірге туған ағасы – Есбол бұл арадан бір күншіл жерде тұрады. Баласыз, жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. Ендігі жанашырдан – немере іні – Рай. Бірақ ол жас. Өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. Қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр. Еламан күрсінді. Аяғы астында жатқан бір-екі балықты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. Күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. Тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. Отбасына да мазасыз. Еламанды «балықшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. Оған бұл үйренген. Кеше де қатынаған біреуден «балықшын сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті. 1. Сұраққа жауап бер/ ответьте на вопрос Балықпен тіршілік етіп жатқан балықшылардың күнделікті күйбең тіршілігі қай жерде өтуде? A) Балқаш көлінің жағасында B) Арал теңізі жағасында C) Каспий теңізі жағасында Д) Қарасор көлінің жағасында
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да совет үкіметі кезінде, дәлірек айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. революцияға дейінгі шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын көреміз. ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде xviii - xix ғасырлар әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. бірақ тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. мысалы, в.в.радловтың «түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды кітабының ііі томында (1870 ж.) жанақ пен түбек, орынбай мен шортанбай т.б. бар. тек хх ғасырдың бас кезінде «қырғыз поэзиясы туралы» деген в.н.белослюдовтың мақаласында ғана хіх-хх ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.
Объяснение:
В.