
Нұрдәулет Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газетжурнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық ба өзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы.
Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б.
«Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Көркем шығармалары мектеп оқулықтарына енген. Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
Шығармалары: Жұмбақ іздер. «Жалын», 1980; Үндемейтін ұл. «Жалын», 1982; Қиырдан келген көгершін. «Жалын», 1984; Сынық домбыраның сазы. «Жалын», 1986; Таң алдындағы дабыл. «Жазушы», 1987; Необыкновенное лето. «Жалын», 1989; Жатақхана қыздары. «Жазушы», 1990; Ұры қыздың тағдыры. «Нұрпринт – 75», 2001; Алтынбек. «Балауса», 2003; Зұлмат жылдары қазақ прозасында. 2005; Текті әулеттің тұлғасы. «Нұрпринт – 75», 2008
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1284
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов.
2)Бейбіт,Қария,Зейнеп.
3)Ол үйіне барып, анасына сұрақ қояды-Анашым,мен бүгін жерді қопарып ойнап жүрген едім.Бір қария маған жерді неге қорлайсың ол сенің анаң ғой,-деді.
Мен бұл сөздердің мағынасын түсінбедім?!
Анасы-Балам,қарт кісінің айтқысы келгені жер біздің асыраушымыз,үйіміз,бағушымыз-сен оны қопарғаның дұрыс емес-дегісі келген болар!Сенің бұл әрекетің шынында да дұрыс болмады.
Бейбіт өз қателігін түсініп,қопарған жерін көміп қояды.
Бейбіттің шығарған қорытындысы;Жер ананы құрметтеуіміз қажет!
Объяснение:
Осылай дұрыс болады деп ойлаймын!