Қазақстан-бай тарихи өткені бар ел, әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі. Елде табиғаттың таңғажайып туындылары бар – реликті ормандар, терең көлдер, көптеген өзендер, биік таулар, шексіз дала, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері. Ел аумағының басым бөлігін шөлдер – 44% және шөлейттер – 14% құрайды. Дала Қазақстанның 26%, ормандар – 5,5% алып жатыр. Елде 8,5 мың өзен бар. Қазақстанда 48 мың үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ішіндегі ең ірілері-Балқаш, Зайсан және Алакөл. Қазақстанның бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Қазақстан әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, алтын қоры бойынша алтыншы орын алады.
Қазақстан сондай-ақ айтарлықтай мұнай-газ ресурстарына ие және батыс облыстарда шоғырланған мұнайдың расталған қорлары бойынша әлемде 9-шы орын алады.
Сонымен қатар, республика көмір қоры бойынша 8-ші және уран қоры бойынша 2-ші орында.Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.
Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстанда зымырандарды ұшыру бойынша үлкен кешен, әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы - Байқоңыр орналасқан. Экономиканың барлық салаларының тұрақты өсуі, саяси тұрақтылық және халықаралық деңгейде танылу қазақстандық қоғамның өркендеуінің негізіне айналды.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Дулат Бабатайұлы Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ол 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында (бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданында) дүниеге келген. Найманның Қаракерей табындағы Сыбанның Жарасқұл әулетінен шыққан. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашқан ол кейін шағатай, түрік тілдерін игереді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген кезеңнің шындығын көркем бейнелеуде біраз табысқа жетті. Сол замандағы кері кеткен мәселелерді шеней отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Туған жер, адамның іс-әрекеті, мінез құлқы, тарих көші, кәсіп туралы әралуан тақырыпты арқау еткен оның қаламынан өткір сатира дәрежесіне дейін көтерілген туындылар туды. Кеңестік дәуір тұсында оның шығармалары біржақты қаралып, көркемдік-эстетикалық талап тұрғысынан әділ бағаланбады. Ескішіл, феодалдық қоғамның жыршысы ретінде тану – ақын шығармаларына берілген біржақты баға. Оның туындылары 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), 1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақын мұралары қайта зерттеліп, оның бұл уақытқа дейін жарияланбаған бір топ шығармалары жарық көрді. Дулат Бабатайұлының мұрасын жинау, оны ғылыми айналымға түсіру барысында Қ.Раевтың атқарған шаруасы қыруар. Ақын мұрасын жинақтап «Өсиетнама» (Ғылым, 2001 жылы) атты толық шығармалар жинағын шығарған ол «Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (2002). Игілікті бастама жалғасын тауып 200 жылдық мерейтойы қарсаңында, 2002 жылы «Кеудем ақыл сарайы» («Ер-Дәулет») және академиктер З.Ахметов пен С.Қасқабасовтың басшылығымен 2003 жылы «Тұнық тұма» деген бір томдық жинағы, «Дулат Бабатайұлы» (Раритет, 2003) жинағы З.Серікқалиев пен Қ.Раевтың дайындауымен жарық көрді. Ақынның өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша өкіметінің отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан патша өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би, болыстардың алым-салығы титықтатқан шақ бұқара халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай аумалы-төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол тұстағы өмір шындығы арқау болды. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен, ақын, жыраулардың көне мұраларымен сусындап өскен ақын өз заманындағы көзіқарақты, білімді адамдардың бірі болды. Сарыарқадағы аты шулы ақындардың қатарынан орын алып, аузының дуалылығымен ел құрметіне бөленген ол 1874 жылы дүниеден өтті (1965, 1989 жылы жоғарыда аталған жинақтарда ақынның туған жылы дұрыс көрсетілген де, өмірден қайтқан уақыты жаңсақ берілген ). Сөз қадірін түсінген ақын қаламынан үлкен әлеуметтік мәселелерді көтерген туындылар туды. Оның «Қазақ деген ғаріп жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «Тегімді менің сұрасаң», «Ал қарағай сұлу сындардай», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Сөзім барда, көзім жоқ» деп аталатын толғауларында сол тұстағы шен-шекпен үшін елі мен жерін сатқан қуларды қатты шеней отырып, олардың іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ақын поэзиясының негізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен жерінің тұтастығын барлық толғауларына арқау ете білді. Ата қонысы болған Ақжайлау мен Сандықтас туралы ақын толғауында «Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар, Бауырыңда өскен қай балаң?» деп өзінің туған жерге деген ыстық сезімін білдіре отырып, қазақ халқының кешегі жайма шуақ өмірін аңсайды. Ата-бабаның қонысы ендігі жерде кімнің қолына көшкелі тұрғаны да ақынды бей-жай қалдыра алмайды. Ол шығармаларына негізінен жеке бастың қамын емес, елдің, жердің мүддесін арқау еткен. Мынау азған заманда, Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер басы аман, Бәйбіше – тантық, бай – арам, Бозбаласы – бошалақ, Қырсыға туды қыз балаң. Нары – жалқау кер