-Сәлем! Қалайсың?
-Сәлем Шүкір жақсы өзің қалайсың?
-Жақсы,сұрағаныңа рахмет! Екеуміз бүгін жыл мезгілдері туралы айтайық
-Жақсы айтсақ айтайық
-Сен қай мезгілді жақсы көресің және неге?
-Мен жаз бен көктемді жақсы көрем. Себебі көктемде жер қайта тіріліп қызық болсын,жазда демалысқа шығып демаламыз , ауылға барып келеміз және т.б қызықтар жасаймыз.Абай атамыздың осы мезгілдерде арнаған өлеңдеріде керемет!
-Талғамың күшті екен.Мен де осы мезгілдерді ұнатамын.Әрине Абай атамыздың өлеңдері керемет.
- Ал сен қай мезгілді жақсы көресің?
-Мен қыс пен күзді ұнатамын. Себебі қыста аққала жасап,шаңғы теуіп ойнаймыз. Күзде бүкіл өнімді жинаймыз мектепке барамыз.
"Киім дүкенінде" диалог:
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,не қаралыңыз?
– Мына қызыма мектепке киетін жеңіл жиде іздеп едім.
– Мына жиделер қарап көріңіздер.Қызыңыздың өлшеміне сай келетін жиделер бар.
– Қаншадан бұлар?
– 4000 теңгеден болады.
– Ақ түсінен беріңізші,киіп көрсін.
– Әрине.Қызым,міне ала ғой.Анау жерде киім ауыстыратын жер бар,сонда барып киіп көр.
– Жарайды.
– Қалай,ұнады ма?Әдемі,бастысы жарасып тұр.
– Маған да ұнады.Алайықшы.
– Жарайды,қызым.Онда орап,бере қойыңыз.Ақшасы міне.
– Саудаңыз үшін рахмет.Келіп тұрыңыздар!