Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар.Шоқанның еңбектері:
Көлемділері: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мұсылманшылық туралы», «Қырғыздар туралы қолжазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамия – ат таорихтан», «Алтышаһардың хал-жайы», «Сібір тарихтан хаттар», «Көкетай ханның өлімі», «Сібірге қрайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» т.б.
Шоқан Уәлиханов — XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған ағартушылық мәдениеттің негізін қалағандардың бірі. Өзінің жасындай жарқ еткен ғұмырында философия, этнография, география, экономика мен құқық салаларына атсалысқан әрі зерттеу жұмыстары бүгінгі ғылымда жоғары бағаланатын жазбалардың бірі болмақ.
Шоқан Абылайдан өрбіген ұрпақтардың бірі. Оның балалық шағы Сырымбет тауының бөктерінде өткен. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Оның келешегі үшін бұл оқу орнының атқарар рөлі зор болады. Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин.
Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытқан болатын.
Оның зерттеушілік қабілеті де корпуста оқып жүргенде қалыптаса бастайды. Ол жазғы демалыс кездерінеде ел аузында тараған жырлар мен дастандарды теріп жазып, аңыз әңгімелерді жинайды. Мысалы, Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілеріне Петербург университетінің профессоры И.И.Березин аса назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
Шоқан әдебиет және оның теориясы жөнінде тың пікірлер, тұжырымдар жасайды. Ол өз мемлекетінің тіршілігі мен мәдени дамуына әсер етеді. Халық әдебиетін сол қалпында құрастырып қана қоймай, оны қоғамдық әрі әлеуметтік өміріне сәйкестендіреді.
Бүгінде Ш.Уәлихановтың көп салалы әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық көзқарасы өз заманымен салыстырғанда әлдеқайда биік болғанын көрсетеді. Халықтың жағдайын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері деп түйіндейді ғалым.
1 тапсырма
A. дұрыс
B.дұрыс
C. бұрыс
2 тапсырма
Мен бойдақ жігіттің іс-әрекетін қолдар едім. Себебі бүгінгі күнмен өмір сүрген дұрыс деп ойлаймын. Қазіргі уақытта балалары бар жігіттің жағдайы шынымен ауыр болды, бойдақ жігіт көмектесті, айыбы жоқ деп ойлаймын. Мүмкін бойдақ жігіт үйленіп алуыда мүмкінғой, сондықтан алдын ала тон пішпеу керек деп шештім. Үйленбеген жағдайда досының балалары қартайғанда бойдақ жігітке көмек беретін шығар. Себебі ол қазір оларға көмек беріп жатыр, кейін қартайғанда рахметін айтып қайтарады деген тұжырымға келдім.
Жазылым
Өмірде шынайы өзіңі серік болатын дос табу қиын.
Өмірде дос табу өте қиын. Қазіргі заманда адамдар тек өмірін ақшамен елестетеді. Ойлары " ақша болса" доста болады деп ойлайды. Жалпы менің ойым ақшаң болса қасыңда жүретін дос ол дос емес жай ермек. Себебі ол ақша болса бар, ал ақша жоқ болса олда жоқ.
Жан серігің, адал досың болса қандай жағдай болмасын сенің қасыңнан табылады. Ол адамдар сенің ақшаң барма, жоқпа қарамайды. Тек сен сияқты адал досы болса дейді.
Жүз тиының болғанша, жүз досың болсын деп бекер айтпаған біздің дана халқымыз. Көп досың болғаны жақсы әрине, бірақ ішінде өзіңе жақыны, сырыңды бөлісетіні болғанға не жетсін.
Достыққа адалдық керек. Саған адал болсын десең, өзің адал адам бол. Ең бастысы – сенім. Досыңа өзіңе сенгендей сен. Сыйлы бол. Жақсы көр. Сенім бар жерде ұлы достық бар. Оның арты өмірлік сыйластыққа ұласады. Дәл осы қағиданы ұстанған жан өзіне сенімді, шынайы және адал досты жолықтыра алады.
Объяснение:
(138 слов) сөз. Ары қарай сөзім жетпей қалды.