М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SashaChif
SashaChif
17.12.2020 21:43 •  Қазақ тiлi

Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог, ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш
президенті болады. ХХ ғасырдың ортасына қарай минерология ғылымдарының докторы
Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар
шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне
белгілі болады.
Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде,
Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның
жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әр түрлі жер-су
атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына
қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен, өзінің топонимикаға деген
қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни
жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа
ресурс көзімен қамтамасыз етеді.

Сұрақтар

1.Мәтіннің аты

2.Мәтін кім туралы?

3.Мәтін қандай стильде
жазылған?

4.Мәтіннен термин сөздерді
теріп жазыңыз

5.«Ғалым» сөзіне түсінік
беріңіз.

👇
Ответ:
stas7454
stas7454
17.12.2020

1)Белгілі қазақ геологы

2)Қаныш Сәтбаев туралы

3) Публицистикалық

4)Геолог,Казақ ғылым академиясы,этнография,жаңа ресурс көзі

4,8(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
stetcenko87
stetcenko87
17.12.2020
Илья Ильин Александрович 1988 жылы 24 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикамен алты жасынан айналысып жүр. 2001 жылы 13 жасында Қазақстан ауыр атлетика чемпиотнатында ең жас қатысушы ретінде арнайы сыйлық алды. 2004 жылы Оңтүстік Кореяда жастар арасында ең үздік деп сналды. Бір жылдан кейін Катарда 17 жастағы қазақстандық Әлемдік чемпионатында ересектер ішінде бірінші орын алды. Сол жерде Ильин екі рекорд жасады түрткіде 216 кг, сомада 386 кг. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада алтын медаль алды, жұлқи көтеруде 180 кг, түрткіде 226 кг, сомада 406 кг. 2012 жылы Қазақстанның екі дүркін чемпион болған спортшы болды. Спорты сомада 418 кг көтеріп, әлемдік рекордты соқты. Илья Ильин әлемнің уш дүркін чемпионы. 
4,6(47 оценок)
Ответ:
misha515
misha515
17.12.2020
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. 
4,8(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ