Тапсырма. Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [8] Тарихи ескерткіштер
Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
– Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
– Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
1. Мәтіннің негізгі ойы қандай? Пікіріңізді 3-4 сөйлеммен жазып жеткізіңіз. [2]
2. 4 тарихи сөздерді жазыңыз. [2]
3. Термин сөздерді теріп жазыңыз. [1]
4. Мәтіннен 1 негізгі ақпарат, 1 қосымша ақпаратты жазыңыз. [2]
5. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән-жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
(Жұбан Молдағалиев)
«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір-бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.
Меним анам ен сулу адам Ойткени мен оны жаксы коремин.Баринин ойында озинин анасы козге туседи,ягни бари озиннин аналарын жаксы ,ен сулу деп ойлайды..Ешким озинин анасын жаксы кормей алмайды...Ойткени ол бизбен бирге журегимизде болады. Анасы бар адамдар ешкашан картаймайды деген макал бар.Бул шындык. Ойткени анасы болган а еркелетеди.Нешеде онын баласы болмасала, 5 жас немесе 45 жаста болсада ол анасына ен курттай болады.Солай макалда да айтылган ешкашан картаймайды деген.Солай ар баласына да анасы ен сулу адам болып келеди.!