М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vovaskorobogat
vovaskorobogat
29.09.2020 08:45 •  Қазақ тiлi

. Мәтіннен 3 етістікті бұйрық рай тұлғасына қойып жазыңыз Теңіз жағасында екі адам жүр. Бірі – Курнос, бірі – Андрей. Кенет ышқынып, жел гулеп кетті. Қамыстар құлап, топырақ борап, дүние алай - дүлей борап кетті. Андрей бұл сұмдықты көрді: қатты соққан қара дауыл мұзды қақ жарып, ашып жіберді. Сіресіп жатқан мұз алға қарай жылжыды. Теңіз үсті түтігіп кетті. Андрей Курносты жаға қайыққа қарай сүйрей жөнелді. Иван:
- Есің дұрыс па? – деп айқайлады.
- Әне, балықшылар ығып барады.
- Подумаешь! Ықса, барсын!
Андрей не істерін білмей, сергелеңге түсті. Жанына Жалмұрат жүгіріп келді. Екеуі
қайықты суға түсіріп мінді. Жел қайықты ұшырып ала жөнелді. Олар жағадан ұзап кетті. Теңіз үстінің дауылы өте қатты, үйдей толқындар. Жалмұраттың зәресі ұшты. Басы айналды. «Құдай-ай сақтай көр!» - деп жалбарынды. Андрей қайықты есті. Мұзда ыққан қайықшыларға жете алмай, өздері адасты. Қараңғы түнде қайықты үлкен сең соқты. Қайық быт-шыт болды. Екеуі мұздың үстінде қалды.
Ал балықшылар теңізге шыққан соң, жұқа мұз быт-шыт болып жарылды. Олар жан-жаққа ығып кетті. Балықшылардың біреуі суға құлап, үшеуі үсіп өлді. Біреуі шалажансар. Еламан, Кәлен, Мөңке, Дос, Рай ғана қалды.
Таң атты. Дауыл басылды. Бұлар ыққан үлкен мұз шыңға тірелді. Балықшылар: «Қаратүпті қара! Біз Қаратүптен шығыппыз», - деп шулады. Сақал- мұрты – қырау, беттерін үсік шалған. Осы жерде балықшылар Жалмұрат пен Андрейдің денесін көрді. Өздерін іздеп шыққандарын түсінді. Андрейдің тырнақтары жұлынған. Мұз үсті – қан. Өмір үшін жан алысқан. Жерді тырнағымен тырнаған. Андрей ақкөңіл еді. Промсолда балықшыларға жаны ашитын жалғыз адам еді.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
NikkiLee
NikkiLee
29.09.2020

Аспан бұлттанып, күн бұзылды. таңертең ғана күлімдеген күн сәулелерін жиып алып, бұлт артына жасырынды. Жел соғып, күн салқындады. Артынша жаңбыр жауды. Күн жарқырап тұрғанда жауар ақ жауын бар. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Ал аспан қабағы түйіліп, айналаны түнек басып, салқын тамшылар тырсылдап жерге тамғанда жан-жүрегің мұздап, көңіліңнің де аспанын бұлт басқандай болады.

Бүгін де жаңбыр жауып тұр. Терезені жуған тамшыларды терезенің арғы жағынан бақылаймын. Ана бір үйдің есігінің алдында үсті-басы су болған мысық отыр. Дір-дір етеді суықтан. Сондай аянышты көрініс. Жып-жылы үйде отырсам да, су астында қалған мысықтай күй кештім. Үстіме күртешемді іле сала сыртқы атып шықтым. Бүрісіп отырған кішкене ғана мысықты қоым алып, құшағыма бастым. Ол да, мен де жылынғандай болдық. Күннің суығы мен бетімді жуып жатқан сұп-суық жаңбыр тамшыларын да елемедім. Мысықты құшақтаған күйде жып-жылы үйдің есігінен ене бердім. Үйімнің жылуынан көңілімдегі жылылық әлдеқайда бөлек еді.

——————————————————————————

прости если не правильно

4,6(20 оценок)
Ответ:
mrpixkaGogar
mrpixkaGogar
29.09.2020

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.

Объяснение:

4,4(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ