Қазақ халқының қолөнерінің ішінде әшекей бұйымдарының алатын орны ерекше. Әшекей бұйымдары өте ерте кезде пайда болған. Әуелгі кезде әшекей бұйымдарын тіл-көзден сақтау,діни наным-сенімдер бойынша "жын-шайтаннан" қорғайды деп тағатын болған.Бертін келе әшекей бұйымдарының қызметі өзгеріп, сәндік,әдемілік үшін тағылатын болды.
Қазақтар түсті металмен таныс бола бастағаннан әшекей бұйымдары алтын,қола,күміс,мыс тәрізді металдардан жасала бастады.Оларды жасайтын адамдарды зергерлер деп атайды. Зергерлік бұйымдардың неден жасалғанына, әдемілігіне,бағалылығына қарап,оның иесінің ақсүйек немесе дәулеті орташа адам екенін аңғаруға болатын.Әшекей бұйымдарға:сырға,сақина,алқа,білезік,жүзік,моншақ жатады. Оларды қыз-келіншектер тағады.Әрине ,қазақтың байлары да кезінде балдақ деп аталатын жүзікті таққан. Әшекей бұйымдарына қазақ халқы өздерін қоршаған табиғат бейнесін салатын болған.Мысалы:құсмұрын жүзік,айшықты ою,қызғалдақ,қошқармүйіз деген сияқты.
Әшекей бұйымдары қазір де қажетті заттардың қатарында. Сондықтан ұлттық қолөнерді,зергерлікті дамытудың маңызы зор. Өйткені ,әшекей бұйымдары тек сәндік үшін тағылатын зат қана емес,ол-біздің мәдениетіміздің бір бөлігі.
-Ассалаумағалейкүм,Ринат аға!
-Әлейкумассалам!
-Сізден сұхбат алсам деп едім.
-Жарайды,мен дайынмын.
-Айтыс өнері туралы,оған қалай келгеніңіз жайлы айтсаңыз.
-Айтыс-қазақтың теледидар,радиосы жоқ заманда ертеде пайда болған ауыз әдебиетінің бір түрі десек болады.Үлкен жиын-тойларда қонақтардың көңілін табу үшін (қазір жұлдыздарды шақыратын болса) атақты ақындарды алдыртып айтыстыратын болған. Ол айтыстың жастарға тәрбиелік мәні зор болған. Мен де өлең шығарғанды ұнатамын.Айтысқа мені Жүрсін Ерманов ағамыз алып келген болатын.
-Айтысқа қатысуға қандай шеберлік керек?
-Алдымен,адамда сөз байлығы, ой-қиялдың ұшқырлығы,тапқырлығы болу керек.Суырып салмалық қасиет,әнге де икемді болып оны жеткізетін даусың да болғаны абзал.
-Айтыңызгы,Сізге қандай тақырыпта айтысқан ұнайды?
-Мына тақырып "ұнамайды"деп,айтыспаймын деп айта алмайсың,сондықтан барлығын да ұнатуға тура келеді.
-Ринат аға, жалпы айтыс ақыны нені білуі керек?
-Ақын болсын әкім болсын елдің халін,көпшіліктің көңіл-күйін,елдегі болып жатқан жақсылы-жаманды жаңалықтарды,саяси ахуалды,халықтың талап-тілегін біліп жүрген дұрыс деп ойлаймын өз басым.
- Рахмет,аға сұхбатыңызға Сізге зор табыс тілейміз.
Объяснение:
Мен бала кезімнен ұстаз болуды армандайтынмын .Осы ұлы арман мені мектептен түлеп ұша сап, қиялыма қанат бітіріп, Талдықорған педагогикалық институтына алып келді. Бағым жанып, өзім қалаған физика факультетінің студенті атандым. Мен неге бұл мамандықты таңдадым?
Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.Сондықтан білім саласы –елдің ертеңін айқындайтын оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала. Білім жүйесінің жаны да жүрегі де тірегі де -ұстаз Еліміздің ертеңгі деңгейі бүгінгі мектептер мен ондағы ұстаздар деңгейіне байланысты» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – мектеп.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда ғылым мен технологияны одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі абырой мен
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздік-сіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым.