білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Көшет.
Жоспар:
1.Айжанның көшеттері.
2.Айжанның ауылға кетуі.
3.Көшеттерді уайымдауы.
4.Айжанның қуанышы.
Күн жылынып,көгілдір көктем келді.Жылғалардан су ағып,ағаштар бүршік жара бастады.Айжан аулаға гүлдер мен көшеттерді отырғызды.Күнде таңертең тұрып гүлдері мен көшеттеріне су құйып,жерін қопсытып,тыңайтып жүрді.Бір күні әжесі Айжанды ауылға алып кетті.Ертесіне тұрған Айжан гүлдері мен көшеттерін ойлап,уайымдады.Мен барам дегенше, солып қалатын шығар,-деп үйіне қайтуға асықты.Олар 3-4 күннен кейін ауылға қайтты.Аулаға кірген Айжан бірден гүлдері мен көшеттеріне барды.Гүлдеріде,көшеттеріде жайқалып өсіп тұр екен.Анасы ол жоқта гүлдер мен көшеттерге су құйып жүріпті.Айжан қатты қуанды.