Тыңдалым мен айтылым Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен
башланыстырыңыз, магандауда қолданып, көтерілмен басты мәселені анықтаңыз.
Кокарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар аркылы дамытып, дәлелденіп,
Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып,
далогке тысынып.
2. жұбыць ды мұқият тыңдауға тырысынып. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санатын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді
катысып, пікірінізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі - 935 шаршы метр. Бас сахнанын
ені 21 метрді, ал тереңдігі - 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералык театрдын
үлкен сахнасынын енгі небары 16 метр, ал теректігі 40 метр», - дейді Мұхтар
Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгiнде
калта» деп аталатын бұл сахналар кажет кезде дабын декораттарымен жылж
жөнеледі. Сөйтіп, койылымдар шклінін үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осынын
аркасында «Астана Опера» ен күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сяды. Онын партері 450
көрерменге арналған. Басты зал аттың таласына ұқсас формата не, «Ла Скала» сынды
алемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше кабат етіп жасалған, бірақ
ұлттык үлгіде өрнектелген. Мұның сыртына гимаратта 8 косымша ал. 11
репетиялык орынжлії, 250 орындық камералық музыка залы, ба з алы және
басқа да функолоналдық бөлмелер бар.
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.
Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады