М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
cyganka84
cyganka84
15.02.2022 19:11 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі термин сөздерді теріп жазыңыз. (10cөз) Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев шын есімі–Ғабдулғани–қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс. Ол қазақтан шыққан тұңғыш академик аса көрнекті ғалым-геолог қана емес өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі әлемдік+ өреге көтерілген ойшыл ғұлама.Қаныш Имантайұлы мемлекет және қоғам қайраткері ретінде ғалымдығы мен шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялық даму жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып кемеңгер ғалым атанды. Қаныш Имантайұлы ғылым саласынан бөлек тарих пен мәдениет
саласында да мол еңбек қалдырды. Ш.Уәлиханов жазып алған «Ер Едіге» жырын қазақ оқырмандарына арнап қайта дайындады. Сондай-ақ
Затаевичтің «Қазақтың 500 ән-күйі» жинағына өз орындауында қазақтың 25 әнін қосты және оған орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді. Ол кісінің атқарған еңбектерінен бөлек

азаматтық болмысы да бүгінге аңыз болып жетті. Қаныш Имантайұлы ғылымдағы әріптестері мен шәкірттерін ғана емес тіпті негізін өзі қалаған Қазақ политехникалық университетінің әрбір студентіне дейін жатқа таныған екен. Оқуы нашарлап мұқтаждыққа түскендері болса ондайларды кабинетіне шақырып алып ақыл-кеңесін беріп қолынан келгенше ақшалай жәрдемдесетін көрінеді. Сондағысы – қазақтың ұл-қыздары ғылым мен техникаға қанық болып өссін заманының алды халқының демеуі болсын деген арман

👇
Ответ:
lenova32
lenova32
15.02.2022

1.ғалым-геолог

2. зерттеушісі

3.академик

4.индустриялық

5.Кемеңгер

6.мәдениет

7.өркениетті

8. Қоғам

9. Демеу

10. Әріптес

Объяснение:

4,5(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bozenka20042004
bozenka20042004
15.02.2022
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
4,8(64 оценок)
Ответ:
RegexArtSek
RegexArtSek
15.02.2022
Менін отбасым!
Мен оз отбасымды жаксы коремин. Менин отбасымда акем асыраушы, анам камкоршы, агам коргаушы. Акем аркашан менин айтканымды орындауга тырысады. Менин унаган заттарымды ар дайым алып береди. Мен акемнен айтканын булжытпай орындаймын. Бирак бул корыккандыктан емес, бул акеме деген суйиспеншиликтен. Анам мен ушин ерекше жан. Анам ардайым мени демеп, акыл кенес берип журеди. Ал агам мени ар дайым баскалардын ренжитуинен коргап журеди. Маган али кунге ешким ренжитип кормеген. Себеби мен кишкене болсын буртиган туримди агам корсе, тыныш отира алмайды, ардайым конилимди тауып алады. Менин отбасым менин кишкентай 1 ши отаным.
4,6(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ