М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kardeyv
Kardeyv
28.09.2020 19:12 •  Қазақ тiлi

ПАМОГТЕ ТЖБ УМОЛЯЮ ЛЮДИ ДОБРЫЕ​


ПАМОГТЕ ТЖБ УМОЛЯЮ ЛЮДИ ДОБРЫЕ​

👇
Ответ:
iyliaz4ay
iyliaz4ay
28.09.2020

кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;

4,6(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
danilsmetanov6
danilsmetanov6
28.09.2020

Жеңіл көлік түрлеріне сипаттама.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.

Жеңіл көліктер ыңғайлы, заманауи, қажетті, жылдам, жанармай немесе электр қуатымен жүретін, электр қуатымен жүретін көлік болса - қоршаған ортаны ластамайтын.

Объяснение:

4,6(21 оценок)
Ответ:
1dianalady1
1dianalady1
28.09.2020

Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi.  

ЖАУАБЫ : БАЛЫҚШЫ

Түсіндіру - Себебі балықшы айдын , көлде жүзіп балық аулайды.

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам.  

Жауабы - ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Түсіндіру - полиция қызметкерлері өзіміз білетіндей жол тәртібін сақтауын қадағалап жүретін , өміріңді сақтайтын адам. Және жол нұсқайтын полиция қызметкерлері ысқырықпен жүреді.

Өңкей сығай екi топта,

Таласып жүр бiр допқа.

Жауап - Футболшылар

Түсіндіру - Себебі футболшылар бір допқа таласып , көк алаңда доп қуып жүреді.

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ