Сайын Мұратбековтің “Қылау” әңгімесіндегі Сатай мен Рабиғаға мінездеме.
Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесі – тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп қанай қоймай,оқырманды өзіне баурап алатын шығармаларының бірі.Автор Сатай мен Рәбиға арқылы таза,нәзік балаң сезімді,адал достықты,адамгершілікті, сыйласымдылықты, қайырымдылықты көрсеткісі келген.Әңгіменің басты кейіпкерлері – Сатай мен Рабиға.Ол екеуінің мінездемелеріне тоқталып өтсек.Сатай – жалқау,жанашыр,арам пиғылы жоқ, жеңе біледі,балаң мінезді,аңғырттығы мен үстірт түсінігі бар адал бала,мейірімді,ақкөңіл,батыл және мақтаншақ.Ал Рабиға – сыпайы қыз,білімді,ақкөңіл,мінезі ашық,көпшіл,досқа адал,адамгершілікті жоғары қояды, қарапайым және өнерлі қыз.
Қазақстанның ежелгі қалалары.
Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз - археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала коныстары. Тарих беттерінен Баскамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб, Мерке секілді қалалар барлығымызға мәлім. Енді осы ежелгі қалалар ішінде ең көне және ең танымал бес қала жайлы айта кетейік.
Еліміздегі "ең көне қала" атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері "Тараз" атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған.
Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. "Қасиетті" деп атауымның бірден - бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы — V-VI ғасырларда қаланған.
Бұл тізімде бесінші орында иемденген 1000 жылдан астам тарихы бар қала - оңтүстік астанамыз Алматы қаласы. Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді.