М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Лилоп
Лилоп
30.06.2022 08:46 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.          Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.

        Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп  ауруларға ем болады», - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер  мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.

       Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, денсаулығына үлкен  қауіп төнеді екен.  (143 сөз)

 

Сілтеме: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. 30-бет.

 

1-тапсырма. Төрт нұсқаның ішінен дұрысын белгілеңіз. ​


Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.          Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70

👇
Открыть все ответы
Ответ:
flexter228
flexter228
30.06.2022

ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. тілдің өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. ол танудың, түсінудің, ң құралы. ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын ға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. қазіргі уақытта қазақстан республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. сол байланыстарды үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ.

ендеше үш тілді білу  бүгінгі заман талабы. бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады.

еліміздің   президенті н.ә.назарбаев қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын», - деген-ді.

4,8(55 оценок)
Ответ:
Фейз
Фейз
30.06.2022

1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін!» - деп жазған екен.

Сұлтанмахмұт – шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, заманының қайшылықты шындығын шығармаларында жан-жақты бейнелеген, көркем сөздің халықтық мән-мағынасын көтеріп, жаңа жанрларда ізденістер жасаған ол туған халқын отаршылдық пен ұлттық егзінің екі жақты қанауынан азат етуге, ел бостандығына үн қосты.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» ұмтылды. Қоғамдық шыңдық пен әділет жолын талмай іздеп, туындыларына арқау еткен ақын көп жабының бірі болып қалмай, от боп жанды, құйрықты жұлдыздай ағып өтті.

Сұлтанмахмұг 1893 жылдын 28 қазанында туған. Шешесі қайтыс болғаннан кейін, болашақ ақын алты жасқа дейін әжесінің тәрбиесінде болады. Содан кейін Шоқпыт екі баласын алып туған жері - Баянауылдағы ата қонысына көшеді. Торайғыр көліне таяу жерден қыстау салады. Сұлтанмахмұттың балалық шағы осы жерде өтеді. «Баян тауы Қозы Көрпештің Баян сұлуы туған тау деседі. Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз күз, таудың ұшар басынан етегіне дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барғын, мойыл, киядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұраңдаған бура бұлақ, шеккен алыптай асқар Баянның оң қолтығында айнадай жарқыраған Сабындыкөл, сол қолтығында түндей түнерген Шойындыкөл (Жасыбай көлі бұрын солай аталған деседі), жамбасында тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса көкорай шалғын, көк балауса, жасыл жапырақ жеміс, тау іші ың-шың аң, бұта толған жыршы құс. Міне, сол секілді зәулім жаратылыстың бауырында бала Махмұт балдырғандай балалық шағын өткізеді» - деп жазған Жүсіпбек Аймауытов.

4,6(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ