М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
win66123
win66123
11.08.2022 02:04 •  Қазақ тiлi

Оқылым 1-мәтін
Берілен үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
...Балықшылар қараңғыда қайдан шықанын білмесе де, үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қозғалуға қорықты. Және қалай қарап жүрерін білмей, ашықмұз үстінде, жел өтінде бір топ кісі бүрсендеп тұр.
Кешегі күні олар тірі қаламыз деп ойлаған жоқты. Теңізге шыққасын жұқа мұз быт-шыт боп, балықшылар бет-бетіне ығып кетті. Тоқымдай мұздың бірінен-біріне секіріп жүргенде, Итжемес тайып, теңізге құлады.
Онан үш балықшы үсіп өлді. Құлтума да шалажансар, кірпігі ғана қимылдайды. Іштеріндегі Еламан, Кәлен, Мөнке, Дос қана. Әзір Рай аяғынан басып тұр. Аяғындағы етікке су өткен еді. Аязға шыққасын қайыс етік құрысып қалды; қанша сыр бермейтін десе де, таң алдыңдағы сары аяз шыдатпай, жас жігіт жаурап,Еламанның иығында дір-дір етіп тұр. Ауық-ауық жүгіріп алады, онда да құрысқан қайыс етік аяғын сығып, ауырсынып тұра қалады
« Қан мен тер» Ә. К. Нұрпейісов 126(сөз)
2-мәтін
Ғафу Қайырбеков
«Тышқан көз» деген бұлақ ол,
Тәтті де суы шекерден.
Қандырып сусын, шығады ол
Шілдеде шып-шып шекеңнен.
Балауса шөпті жапырып,
Балалар бақа қуады.
Ақ көбік сабын сапырып,
Аналар кір-қоң жуады.
Іргені түріп, самалдап,
Көлеңке басын келтіріп,
Алдында қымыз «ал, ал!» - деп,
Ақындар жатар лепіріп.
Ac үйде анау келіншек
Көтеріп аппақ шараны,
Көзге бір жайнап көріне,
Көңілің ойнақ салады.
Сабаз-ай десей, сайран күн,
Соңымнан тауы Баянның
Сен ұмыт болар ма екенсің?
Телміріп қарар ма екенсің? 74(сөз)

1.Берілген шығармалардың түрлерін аңықтаңыз.Тиісті шаршыға белгісін () қойыңыз.

өлең, хат әңгіме, өлең мақала, очерк хат, памфлет
[1]

2.Мәтіндердің құрылымына қатысты сұраққа жауап беріңіз.
Мәтіндердің құрылымдық бөліктері толық сақталған ба?
А) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, негізгі бөлімі жоқ
Б) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, қорытынды бөлімі жоқ.
С) Мәтіннің бастауы , негізгі, қорытынды бөлімдері бар, толық сақталған.
Д) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес,екінші мәтінде толық сақталған.
Е) Бірінші мәтінің құрылымдық бөлімдері толық сақталған, екінші мәтінде толық емес.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
GoldenAbzud
GoldenAbzud
11.08.2022

Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:

1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне -е/-й жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.

2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз.

3 Мақсатты келер шақ. Ӏс-кимылдың мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.

4,8(13 оценок)
Ответ:
Star3111
Star3111
11.08.2022

«Қызыл кітап не үшін керек?» диалог.

Ахметжан: Достым, бір сұрақ қойсам, жауап бере алады ма екенсің?

Мадияр: Білмеймін, қане сұрап көр. Тексерейік.

Ахметжан: Қызыл кітап не үшін керек?

Мадияр: Жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды енгізіп, оларды қорғауға алу үшін?

Ахметжан: Дұрыс айтасың. Ал елімізде «Қазал кітапқа» енген өсімдіктерден бір – екеуін атай аласың ба?

Мадияр: Қиын сұрақ екен. Жауап бере алмаймын. Ал сен ше білесің бе?

Ахметжан: Мен де бұрын біле қоймайтынмын. Ал қазір биология пәнінен өтетін республикалық жарысқа дайындалып жүргендіктен, оқып –жаттап жүрмін.

Мадияр: Сонда қандай өсімдіктер енгізілген екен?

Ахметжан: Жалпы «Қызыл кітапта»140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген екен. Әрине, мен әлі бәрін оқып үлгерген жоқпын.

Мадияр: Сонда «Қызыл кітапқа» өсімдіктерге не үшін енгізеді екен?

Ахметжан: Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды.

Мадияр: Сонда мен дұрыс түсінсем, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады ма?

Ахметжан: Дұрыс айтасың. Мысалы кәдімгі емен, ақтұңғиық, сарғалдақ, қызғалдақ, кілегей т.б секілді өсімдіктерді жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.

Мадияр: Мен ол жағын білмеппін, енді біліп жүретін болдым.

Объяснение:

4,4(57 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ