СОЧ Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Екі достың әңгімесі
Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден-сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: "Бүгін мені жан досым ұрды!»
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан құтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: "Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды", — деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы:
– Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын! - деген екен. (125сөз)
1. Мәтіннің негізі ойды анықтайтын 3тірек сөзді жазыңыз.
1-тірек cөз
2-тірек cөз
3-тірек cөз [1]
2.Тындаған мәтіннің автордың көзқарасын, негізгі ойды анықтаңыз. Екі дұрысжауабы бар
А) жаман жолдас
В) берік достық
С) еңбек туралы
Д) білім туралы
Е) шынайы достық туралы [1]
3.Берілген күрделі сөздердің(сөз тіркесі) мағынысын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
оқу озатты[1]
оқу залы [1]
ақша табу [1]
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.