Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
керемет ән, әуен кімді болмасын толқытып әкетеді. Алайда әннің де естісі бар есері бар демекші тәрбиелік мәні төмен, мағынасына ел түсінбес әнді тыңдағанымыз жат қылық болары анық. сол үшін құлағым бар екен деп кез келген әнді тыңдауымызға болмайды.Алайда ән тыңдаған әркімге болсын ұнайды. Халқымызда бір бала, қызылқұм,елім ай, әдемі қыз секілді өте ырғақты қайталанбас ажары бар әндер жетерлік. Мереке кезінде де қайғы кезіндеде бар эмоциямызды әнмен шертеміз. Өмірге келгн кез келген бір адам әсем ырғақты әнді естігені анық. Міне сондықтан ән көңілдің ажары
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ екенін мен сізге дәлелдейін. Біріншіден, сусыз адам тек 3-5 күн өмір сүре алады. Екіншіден, су күнделікті адам өміріне қажет. Үшіншіден, су өсімдіктердің басты қорегі. Сондықтан олар сусыз көп өмір сүре алмас.
Су- бүкіл тірі ағзаның қажет қорегі. Тамақ жасау үшін су керек, киім жуу үшін су керек, адамдардың жуынуы үшін керек. Су адамның өмірімен тығыз байланысқаннан кейін, біз сусыз өмірді елестете алмаспыз.