ответ:Джек Лондон 1876 – 1916 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі американ жазушысы. Жазушының атағын әлемге танытқан шытырман оқиғалы әңгіме, повестері мен романдары. Қаламгердің балалық шағы қиыншылықпен өтеді. Ерте жастан әр түрлі жұмысқа жалданады. Болмашы қаражат үшін жанталасатын ауыр еңбекті басынан өткереді. Күн көріс қамымен теңізде балық аулау ісіне де араласады. Алтын іздеушілермен Альяска аралдарына да сапар шегеді. Жазушының еңбек жолындағы сан қилы сапары оған мол тәжірибе мен өмірдің көп қырын тануға мүмкіндік жасайды. Талантты жазушы өзінің шытырман оқиғалы шығармаларының көбін бастан кешкен, өмірде көрген, түйгендеріне негіздеп жазады. Шығармаларында қилы сәттер мен қиыншылықтарда ашылатын адам болмысын көрсетуге, адамның ішкі зор куатын танытуға күш салады. Жазушының «Аяздың балалары», «Қар қызы», «Ақ азу», «Солтүстік жорығы», «Өмірге құштарлық», «Мартин Иден», «Қызғылт оба», «Оның әкесінің құдайы», «Жолда жүрген жолаушылар үшін», «Тыртық адам», «Темір өкше» , «Айлы алқап», «Телегей теңіз, аттаныс» т.б. үздік шығармалары қазақ тіліне аударылған. «Мексика ұлы» шығармасы туралы Жазушының қысқа да мазасыз өмірінде басынан өткергендері, маңайынан алған әсері шығармаларының қызықты да мазмұнды сюжетінің алтын арқауына айналған. «Мексика ұлы» әңгімесінің өзегінде де қиын тағдырлы жас жігіт Ривераның ішкі буырқанған ыза-кегі мен жеңіске деген құлшынысы ерекше сипатталады. Өмір соққысын көріп шыңдалған кейіпкердің рингтегі қарсыласымен тайталасы нанымды суреттеледі. Джек Лондон шығармаларына тән оқиғаның бірден-бірге көшіп, динамикалық өрлеуі қарсыластардың раунд сайынғы іс-әрекетінен көрінеді. Оқушыны шығарма соңына қызықтыра жетелейді. Шығарманың негізгі кейіпкері Ривераның іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамда әділдікке тек қайтпас қайсарлық пен жасымас жігер арқасында ғана қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Боксшылар рингке алғаш көтерілгеннен бастап соңына дейін төреші мен барша көрермендердің бір жақты қолдауына ие болған Дэнни Уордты да, басқа кейіпкерлерді де құлшындырар негізгі күш – ақша. Әділетсіз қоғамдағы қуатты күш ақша екендігін қаламгер әшкерелей отырып, одан мың есе күшті қуат көзі адамның жүрегінде, өзіне деген сінімі мен мұқалмас мақсатында екендігін танытады.
Объяснение:все,
ответ:XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:
Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).
Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген эсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.
Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.
Бірінші сөйлем.
Менің ойымша Тынымбай Нұрмағамбетов өте еңбекқор және ақылды адам болған.
Екінші сөйлем.
«Себебі, Тынымбай ата институт бітіре салысымен құр отырмаған, жұмыс жасап өзінің білімін кеңейткен.
Үшінші сөйлем.
«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын, қазақ тілі және әдебиет факультетін бітіріп және жоғары білім алып, еңбек жолын "Су құрылысшысы" газетінде, кейін Қызылордадағы аудандық радио комитетінде, " ҚАЗАҚФИЛЬМ" де жұмыс жасаған.
Соңғы сөйлем.
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге
келдім. Тынымбай Нұрмағамбетов қазақ халқының белгілі жазушысы. Өзінің еңбекқорлығыменен, керемет шығармашылығыменен қазақ есінде аты қалған, қазақ әдебиетінен өзіндік орны бар жазушы.