Жазылым Берілген тақырыптың бірін таңдап,эссе жазыңыз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай қызметін және шартты рай жұрнақтарын орынды қолданыңыз. (Выберите одну из заданных тем и напишите эссе. В письменной работе использовать глаголы бұйрық рай и шартты рай)
1.Адал,шынайы достық туралы ойыңыз қандай?
2.Еңбек-ер атандырады
3.Су-тіршілік көзі
УМОЛЯЮ
Қазақ отбасындағы бата беру дәстүрі.
Қазақ халқы туралы айтқанда ойымызға бірден қонақжайлық пен бата беру ұғымдары келеді.
Халқымыз ақ батаға үлкен мән берген. Бата сұрау/ бата беру дәстүрі әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтаған салт-дәстүрдің бірі. Дана халқымыз батаға үлкен мән бергендігін "Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" деген мақалынан түсінуге болады.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілік пен имандылыққа, әдептілік пен шешендікке баулыған. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Әдетте жасы үлкен, елге сыйлы қариядан қол жайы, бата сұрайды. Үлкен кісілердің берген батасы қабыл болады деп сеніп, қарттардың көңілін табуға тырысады.
Қазіргі таңда ақ батаның шығу тарихы толығымен зерттелген жоқ. Жалпы батаның келесідей түрлері болады:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.