Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен ешуақытта кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.
Отанды сүю ұғымы туған табиғатқа, отбасына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларына, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игіліктің бәріне деген сүйіспеншілікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біздер ағаштарға, гүлдерге, үй-ішінің тыныштығына деген талпынысымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құрдастарын, үлкендерді құрметтеуді тәрбиелемес бұрын, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.
Отанды сүю дегеннің не екені жөнінде ойланған мектеп оқушысының жүрек жалыны соғыс жылдарына соқпай кете алмайды. Соңғы зеңбірек дүркінінің атылғанына жетпіс жылға жуық уақыт өткен қазіргі күндердің өзінде бүкіл ел өміріндегі сол оқиғаға жастардың зор ықылас қойып отырғаны неліктен? Мұның себебі, әр адам өзінің өсіп-жетілуі жолында рухани дамудың биік шыңына көтерілгендерді өнеге тұтады. Еліміздің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі - тап осындай биік шың, адамгершілік компасы, жаңа ұрпақтардың өзін-өзі тәрбиелеуі үшін үлгі-өнеге. Бұл күнгі жігіттер мен қыздарға Ұлы Отан соғысының батырлары мәрмар тастан соғылған адамдардай аңыз болып көрінеді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың ерліктері аңызға барабар. Олар артындағы ұрпақтың қамы үшін өз үлесін жомарттықпен қосқандар. Отан алдындағы аса маңызды жауапкершілік эстафетасын бүгінгі жастарға берген адамдар.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Объяснение:
— Сәлеметсіз бе! Doctor: Hello!
Врач: — Проходите Дәрігер: -Төрлетіңіз. Doctor: Come in,please.
Врач: — Садитесь в кресло, я проведу осмотр. Дәрігер: -Мына креслоға отырыңыз, мен қара тексерейін. Doctor: Please sit downina chair,I will holdexamination.
Врач: — Как Вас зовут? Дәрігер: -Сіздің есіміңіз кім? Doctor: What’s your name?
Пациент: — Меня зовут… Науқас: — Менің есімім… Patient: My name is…
Врач: — На что жалуетесь? Дәрігер: -Шағымыңыз қандай? Doctor: What tocomplain?
Пациент: — Болит зуб. Науқас: — Тісім ауырады. Patient: Toothache.
Дальше