Алма шырынының пайдасы
Алма шырынының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В, және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл, алма шырынының құрамында бас миы жасушаларының оксидантты күйзелуінің алдын алатын органикалық заттардың болуымен түсіндіріледі.
Арал экологиясы –шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялықжағдай.Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды.Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б.химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде.
1.Әуелі
2.Сол нәрсені көргенденде
3.Сол нәрсені ішіннен бірнеше уақыт
4.Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек