Ине, ит, көз сөздері бар фразеологизмдер катыстырып сөйлем құрау.
Жерлесіміз Қуандық Рахымның туған қаласында өткен концертінде ине шаншар жер болған жоқ (зал толық болды, бос орын болған жоқ деген мағынада).
Әдетте, қолөнер үйірмесіне қатысатын қыз балалардың барлығы иненің көзінен өткендей болады (пысық деген мағынада).
Бүгін таңертең есік алдында көрші апайлар бір – бірінің ит терілерін басына қаптап жатқаннан оянып кеттім (ұрысу деген мағынада).
Хамит оқу бітірердің алдында емтихандарын уақтылы тапсыра алмай, әбден ит болды (қор болды, қиналды деген мағынада).
Дүкен аралап жүріп, жанымда жүрген құрбымнан көз жазып қалдым (адасып қалдым, жоғалтып алдым деген мағынада).
Көзді ашып – жұмғанша кезекті оқу жылы да аяқталып қалыпты (тез деген мағынада).
Байтак ел, күн сәулелі Қасақстан келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты, дамудың даңғыл жолына түсті. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды, ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, нарықтық қатынастар құрылып, дүние жүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Осы жылдар ішінде өзінің жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт – дәстүрін, қызық та қилы – қилы тарихын жаңғырту, ұлы тұлғаларын бүкіл дүние жүзіне таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруа атқарылды.