Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
ответ:-Қазақстан Республикасында қанша ұлттық өкілдері тұрады?
-Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлттық өкілдері тұрады.
-Сіз Қазақстанда қанша ұлт өмір сүретінін білесіз бе?
-Иә, олар көп! Мысалы:орыстар, қазақтар, немістер, армяндар, татарлар, өзбектер.
-Сіз қандай халықтарды білесіз?
-Иә білемін, бұл-әзірбайжандар, армяндер, белорустар, еврейлер, қазақтар, корейлер, мари, немістер, орыстар, тәтіктер, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, украиндар және шешендер.
-Қазақстанда қандай мереке барлық халықтарды біріктіреді?
-<<Наурыз>> мерекесі барлық ұлттарды біріктіреді.
Объяснение:Сори что поздно)
Объяснение:
Кез келген адамның, әсіресе, кішкене балалардың үлгі тұтатын адамы болады. Ол сол адамға табынбаса да, мейілінше соның қылықтарын қайталап, соған тілекші болып жүреді. Сол секілді менің де сүйікті спортшым, кумирім бар. Ол – Генадий Головкин. Бала күнімнен Головкинді ерекше ұнатамын. Ол – сабырлы, төзімді, мәдениетті әрі әрдайым ережеге сай жекпе-жек өткізеді. Әсіресе, күтпеген жерден нокаут жасайтыны ұнайды.Головкин өте сымбатты жігіттердің бірі. Көптеген жарнамалық компаниялар оның осы сымбатын ескеріп жарнамаға түсуге шақырады. Бірақ, ер адамды сымбатты ететін сырт келбеті емес, күш-қуаты, ақылы, жауапкершілігі. Яғни бойына біткен мінезі. Және ол 2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды