М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
школота90
школота90
22.04.2022 07:57 •  Қазақ тiлi

8.Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш,дәуіт,жылан»ертегісінің мазмұнын қысқаша жазыңдар(4-5 сөйлем).

👇
Открыть все ответы
Ответ:
13Sasharubakova
13Sasharubakova
22.04.2022

Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде  Жер  ана дүниеге  екі  сәби  әкеледі. Екеуі  туылғанда  Жер  ана біреуіне Ай, екіншісіне  Күн  деген  есімдерді  береді.Жер  Күн  мен  Айды  мәпелеп  ,алтын  бесікте  бірдей  тербетіп өсіреді.Осылайша  екі  ару  өсе  береді.Сұлулар  өскен  сайын  бір-біріне  сүйіспеншілік  емес, жек  көрініш  пайда  болады. Күн  де  Ай  да  әркез  айнаға қарап  әдеміліктерін  тамашалаумен  болатын.Ия  дәл  солай,  олардың  жек  көрінішін  пайда  болғызған  міне  осы  сұлулықтарында  еді.Екеуінде де  әрқашан кім  сұлу? — деген  сауал туындайтын. Ай ару Күннің  жарқылын жек  көретін. Онымен  бүкіл әлем  жарқырап, тіпті Ай да  жарқылдайтын. Екеуі тіл табыса  алмайтынын  түсінген Ай анасы Жерге барып:

— Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі  жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін — дегенде  

Жер  ана қатты  ашуланады. Айға рұқсатын  бермейді,сонымен  қатар  екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы  сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді. Ай  Күнге барып:

— Екеуіміз екі  бөлек  жандармыз.Мұны  анамыз Жерге  түсіндіру керек! Екеуіміз ешқашан тіл  табыса алмаймыз-дегенде  Күн  де  қалыспай:

— Демек мен  саған  қарағанда сұлу  екенімді  мойындап ,  менен  бөлініп кетпексің ғой — дейді.

Бойын  ашу  ыза  кернеген Ай Күнге  барып  ерегіседі.Ерегісіп  жатқанда  ашуланған Күн  Айдың  әдемі бетін  тырнап  тастайды. Ай арудың  беті  қатты теңбілденіп  қалады.Оны  көрген Ай  қатты қайғыға  батып, көз  жасы көл  болады.Сұлулығынан  айырылған  Ай  , Жер  ананың  рұқсатынсыз  алысқа кетіп  қалады

Күн Айдан кешірім  сұрау   үшін оны  қанша  іздесе  де   таппайды. Ал Ай  болса  түрінен  ұялып  Күннен  қашып  жүреді.Апалы  сіңлі  қанша  тырысса  да  бірге  бола  алмайды.Енді мүлдем  кеш  еді.Сол  сәттен  бастап  екеуі бір-бірін  ешқашан  көрмепті.Күн  ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай  ұйқыға  кеткенде Күн  шығыпты. Біз де туған  бауырларымызға  қамқор  болмасақ, кейін  арамыз  бөлініп кетуі  мүмкін.

Объяснение:

лучши ответ

4,8(32 оценок)
Ответ:
адекс3
адекс3
22.04.2022

Адамдардың көз-қарастарына  байланысты заттар әртүрлі болып көрінуі ғажап емес . Әр бір адам өзінің айналасынан тек өзінің жан дүниесіндегі қасиетіне тән заттарды көреді . Осылайша көп жапа шеккен адам басқалардан тек жауыздықты байқаса , жақсы адамдар қоршаған ортасынан тек жадыраған жандарды байқайды . Дәл заттарда сондай болып көрінеді , өздері мінтіксіз болғысы келетін адамдар заттардың барлығынан қате іздеп , өздерінің жақсырақ екенін дәлелдегісі келеді , сол мезетте адамгершілігі бар , мейірбан , жан дүниесі жамандық атаулыдан аулақ адамдар заттардың тек жақсы тұстарын байқайды

Объяснение:

4,4(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ