М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dariasolne4naya
Dariasolne4naya
19.10.2022 13:20 •  Қазақ тiлi

Сочинение *мой любимый актер* про джима керри, на казахском языке, всем с:

👇
Ответ:
kravts222p08eoo
kravts222p08eoo
19.10.2022

Менің сүйікті актерім

Менің сүйікті актерім - Джеймс Юджин «Джим» Керри. Ол 1962 жылдың 17 қаңтарында Канаданың Онтарио провинциясында дүниеге келген америка-канада киноактері, сценарийші, продюсер.

«Бір жолы тістелген» фильмінде ең алғаш рет басты рөлді сомдаған. АҚШ-тағы жалақысы жоғары актерлердің бірі. Көпшілікке «Маска», «Эйс Вентура: Үй жануарларын іздестіру», «Труманның шоуы», т.б. фильмдерімен танылған.

Кішкентай шағында қиын жағдайда өмір сүрген. Отбасында өзінен үлкен екі әпкесі және ағасы бар. Жастайынан адамдарға пародия жасап, елдерді күлдірткенді ұнататын ол өзінің мансабын комедиялық клубтарда өнер көрсетумен бастаған.

Актерлік дебюті 1983 жылы «Резеңке бет» фильмінен басталады. Бұдан кейін де ол бірқатар фильмдерге түседі. Бірақ олар аса сәтті болмайды. 1993 жылы ол «Эйс Вентура: Үй жануарларын іздестіру» фильмінің түсіріліміне қатысады. Фильмнің сценарийін өзі жазып, басты рөлді де өзі сомдайды. Фильм үлкен жетістіктерге жетеді. Осыдан кейін оның мансабы жоғарылай бастайды. Джим әртүрлі номинациядағы түрлі сыйлықтардың иегері.

Оның актерлік шеберлігі мен жігерлілігіне тәнтімін.

4,8(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anastoanovic
anastoanovic
19.10.2022

Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.

4,4(82 оценок)
Ответ:
666SmEtAnKa666
666SmEtAnKa666
19.10.2022
Менің отбасым.
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.

Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
4,8(11 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ