Лексика. І нұсқа Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.
А)Күн сәулесі нұрын шашады.
В) Терезеден күн түсіп тұр.
С)Күнсіздерге күн болған.
D)Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
Е)Кешегі күн ыстық еді.
2.“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.
A) Биік сезім.
B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.
3.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.
A) Ниетің.
B) Қисық.
C) Болса.
D) Ағайынға.
E) Өкпелеме.
4.Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.
A) Затты атап білдіретін мағынасы.
B) Бір келкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.
5.Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барды.
B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы.
6.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара.
B) Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.
7.Антонимі бар қатарды белгілеңіз.
А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
8.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
9.Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Мағыналары жақын сөздер.
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.
D) Заттың атын білдіретін сөздер.
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.
10.«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.
А) Антоним сөздер.
В) Омоним сөздер.
С) Синоним сөздер.
D) Қыстырмасөздер.
Е) Қаратпасөздер.
11.Антонимдерді анықтаңыз.
А) Биік - аласа.
В) Әдемі - сұлу.
С) Жаман - нашар.
D) Ұстаз - оқытушы.
Е) Қайратты - жігерлі.
12.«Үлкен» сөзінің антонимін белгілеңіз.
А) Биік.
В) Қысқа.
С) Жаман.
D) Кіші.
Е) Сұлу.
13.«Ұзын» сөзінің антонимін белгілеңіз.
А) Биік.
В) Қысқа.
С) Аласа.
D) Төмен.
Е) Қара.
14.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын белгілеңіз.
А) Синоним сөздер.
В) Біріккен сөздер.
С) Қысқарған сөздер.
D) Омоним сөздер.
Е) �
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық түбірімен жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумының баяндамасында 2020 жылы әлемдегі интеллект пен роботты техниканың дамуы нәтижесінде 2 млн жаңа жұмыс орны ашылатындығы, бірақ технологиялық жетістіктердің дәл осы мерзімде 7 млн-нан астам жұмыс орнын қысқартуға алып келетіндігі атап көрсетілді. Қазір мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың 63 пайызы таяу болашақта бүгін заты түгілі, аты белгісіз мамандықтар бойынша жұмыс істейтін болады. Қысқасы, біз орасан зор технологиялық өзгерістер дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Ендеше, ұрпағымыздың ертеңі біздің бұл құбылысты қаншалықты түсінгенімізге, балаларымызға болашақ мамандық таңдауда қаншалықты сауатты бағдар бере алатынымызға тікелей байланысты болмақ.