М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Vkomarova
Vkomarova
11.04.2023 12:03 •  Қазақ тiлi

Қазақстан – достық пен татулық мекені. Бүгінде еліміз 130-дан аса ұлт пен ұлыстың Отанына айналды. Қазақ жері орыс, татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен, башқұрт, қарақалпақ және тағы басқа көптеген ұлттардың бас қосқан орталығы болды. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, олар бір атаның баласындай өмір сүріп, Қазақстанда тұрақтылық пен тұтастық, татулық пен келісім шоғырын қалыптастырды. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз, бірінші, xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді. Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар! Елімізді мекендейтін ұлттардың бірлікте болуының негізі тәуелсіздік алған жылдардан бастап қаланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлтаралық бірлікте келісімді қалыптастырудың айқын жолдарын анықтап, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға Жарлық берді. Ұлттар арасында бейбітшілік пен татулықты ту еткен Ассамблеяның мақсаты белгіленіп, қазіргі таңда бұл ұйым келісім сарайына айналған. 2015 жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған болатын.

Оқылым тапсырмалары

1. Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] белгісін қойыңыз.
- 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды [ ]
- 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды [ ]
- Қазақстан халқы Ассамблеясы 130 ұлттан құрылды [ ]
[1]
2. Бір дұрыс жауапты белгілеңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру мақсаты не?
А) Келісім сарайын ашу
В) Ұлтаралық татулықты нығайту
С) Қазақ халқын дәріптеу

👇
Ответ:
миша741
миша741
11.04.2023

1.

- 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды

2.

В) Ұлтаралық татулықты нығайту

4,5(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Link2009
Link2009
11.04.2023

-Сәлем,әке!Қарашы,бұл ағаштан қандай қылыш жасауға болады?-деді баласы.

-Тоқта,балам!Олай жасауға болмайды!,-деп әкесі баласына қарады

-Әкетай,неліктен оны сындыруға болмайды?ол кәдімгі ағаш қой !

-Бұл ағаш біздің табиғатымыздың бір бөлшегі,оны аялап,қадірлеу керек,түсіңдің бе балам?

-Түсіндім,әке.Ендеше,ол үшін ағашты қалай баптау керек?,-деді баласы

-Оның сұрағаның дұрыс,біріншіден оның жерін қазып,отырғызу керек.

-Маған ағашты суаруға бола ма,әке?

-Әрине,балам,суара ғой.Осылайша,бірнеше жылдан кейін үлкен ағаш өседі

-Рақмет,әкетай,енді мен әр өсімдікке мән беремін,әр тіршілік көзі біздің қоршаған ортамыздың бір бөлшегі.

4,8(15 оценок)
Ответ:
schastlivayolg
schastlivayolg
11.04.2023
Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолында, Қайдағысы сені тауып, Топырлайды жолында. Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама. Жем таусылса жалт береді, Сенерлік дос, санама. Нағыз достар, бір-ақ қалып. Шыңдап берік сүйіскен. Бір-біріне сыр ақтарып, Сыр түйінін түйіскен. Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған. Сол қойманың бір түкпірін, Достың досы-ақ ақтарған. Кейде ашуға сол түкпірді, Іздейді жан жақынын. Шертеді жан сырлы жырды, Сырлас жанын шақырып. Тыныс керек кейде жанға, Кейде жанға ән керек. Күй шертуге анда-санда, Сырласарлық жан керек. Ішкі сырды мысал етіп, Біраз ғана жырлайын. Суреттеуге тауға кетіп, Суретті ептеп сырлайын.
4,4(34 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ