Қазақстандық спортшылар
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Қазақстан тәуелсіз, байтақ, ғажап, қонақжай әрі көрікті ел. Қазақстан 1991 жылы, 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды. Елбасымыздың арқасында бүкіл ел Қазақстанның тәуелсіздігімізді мойындады. Бұл дәрежеге жету оңай болмағаны белгілі. Тәуелсіздік алу үшін ата- бабаларымыз өз өмірін қиды. Біздің бақытты, тәуелсіз болғанымызды қалады. Біз ешқашан ол кісілердің ерліктерін ұмытпайтын боламыз. Сондықтан мен өз елімді мақтан тұтамын. Тәуелсіз елдің ұланы болғаныма ризамын. Қазақ елі мәңгі жасай берсін. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымызға қуанайық. Себебі, көп елдер осы күнге дейін өз тәуелсіздігін ала алмай келеді. Біз тәуелсіздігімізді алғанымызға шүкір етейік!